НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ! » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2021

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ тақырыпта эссе және өлең байқауын өткізуде. Байқауға облысымыздың әрбір өңірінен 12 және 25 жас аралығында орта білім беру мекемелерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. 
Конкурстың негізгі мақсаты, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы       іс-қимылға қатысуға тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушы шығармашылық жұмыстардың тақырыптарын ұсынылған тізімнен таңдайды немесе өз бетінше тұжырымдайды:
«Адал еңбек»
- «Адал адам – »
- «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөзім»
- «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады»
- «Мен сыбайлас жемқорлық туралы не білемін»
- «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлім»
- «Сыбайлас жемқорлық не тудырады»
«Әділдік. Парасаттылық. Сенім».
Өтінімдер 2021 жылдың 02 және 13 қараша аралығында қабылданады.
Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер Талдықорған              қ-сы, Қабанбай батыр к-сі №36/42 мекен-жайы бойынша Департаментке немесе obl.777@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.
Қорытындылау кезеңінде үздік деп таныған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.