24
ноябрь
2021
Жетісу-Оқырмандар мекені
Бұл жоба - цифрлық технологиялар мен әдеби- рухани мұралардың синтезі болып табылады.
Жобаның мәні - сандық технологияларды қолдана отырып, кез-келген адамға таңдалған кітапты ойын арқылы жеңіп алуға мүмкіндік беретін кітап оқуды танымал ету. Автомат сенсорлық экранмен жабдықталған және қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, географиясына байланысты танымдық сипаттағы сұрақтар қоятын бірегей бағдарламалық жасақтама орнатылған. Жоба «IT QUIZ» және «Сколково» технопаркінің дамуына қатысып, үлес қосқан Ресей мен Украина елдерінің IT мамандарының көмегімен жасалған.