02
февраль
2022
Мектепте сабақты зерттеу Lesson Study
"Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. "Сабақ беру үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер" Ж.Аймауытов. Сабақты зерттеу әдісі мұғалімдерге сабақ беру барысында өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беретін үрдіс ретінде ғана емес, сонымен бірге, ең маңыздысы, мұғалімдердің мектеп ішіндегі кәсіби дамуы ретінде: өзара бірлестікте, ынтымақтастықта жұмыс атқаратын ортада мұғалімдер бірлесіп тиімді сабақты ұйымдастыруға қатынасып қана қоймай, үнемі кәсіби білім мен тәжірибе алмасып, қажет болған жағдайда оқу материалдарымен танысып, кәсіби біліктілігін жетілдіру деп түсінуі қажет. Мектепте сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі арқылы жас маманның кәсіби жетілуіне қолдау көрсету мақсатында тәжірибелі мамандар арасында оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз етуге ықпал етілді. Осы бағытта мектепте сабақты зерттеу (LS) топтары 3-цикл жұмысын нәтижелі аяқтады. Ибраева Тұрсынхан Жанаткановна, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері.