«Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу-болашақтың кепілі» » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу-болашақтың кепілі»
14
март
2022

«Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу-болашақтың кепілі»

Талдықорған қаласы №9 орта мектепте 2022 жылдың 14 наурыз күні сағат 18.00-де «Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу-болашақтың кепілі» атты МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ өтті.

Жиналыстың мақсаты мен міндеттері: жалпы мектеп, ата-ана және оқушы арасында жағымды байланыс орнатып, қауіпсіз орта қалыптастыру. Ата-аналардың құқықтық білімдерін арттыра отырып, МЕКТЕП-АТА-АНА-ОҚУШЫ байланысын бір арнаға тоғыстыру.

Ата-аналар жиналысына арнайы шақырылған қонақтар:

1. Алматы облысы прокуратурасының аға прокуроры және мектептің "Әкелер және аналар" кеңесінің төрайымы Карбозова Ардақ Телжанқызы;

2. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ким Маржан Касымхановна;

3. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мырзаханқызы Жанна;

4. Мектеп инспекторы, полиция капитаны Булдыбаева Залха Сериковна.

Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар:

*Мектеп басшымыз Сембаева Ляйля Айтжанқызы «Үштік одақ сабақтастығын нығайту» бағытында өзіндік ойымен бөлісті.

*Алматы облыстық прокуратурасының аға прокуроры Карбозова Ардақ Телжанқызы «Еліміздегі бала құқықтары туралы заңы» атты тақырыпта сөз қозғады.

*«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы Булдыбаева Залха Сериковна баяндамасын жеткізді.

Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтар қойып, кері байланыс берді.

#goroo_tdk #goronotald#goronotald_#9mekteptdk