«Спорт- денсаулық кепілі!» » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2022

«Спорт- денсаулық кепілі!»

Ағымда «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ- де «Спорт- денсаулық кепілі!» атты АӘТД және дене шынықтыру пән бірлестігінің ұйымдастыруымен бастау алды.
Іс-шарамыздың басты мақсаты: Оқушылардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Оқушылырды спортқа ынталандырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Апталықтың барысы: Мұғалімдер ұйымдастырылған іс-шаралар заман талабына сай өткізу. Соның ішінде спорттық сайыстар, кештер, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда Денешынықтыру бірлестігінің жетекшісі Жадыра Өмірәліқызы апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын нақыл сөздерңмен апталықты ашты.
Кезекті сөзді, мектеп директорыдың орынбасары, ПҰ Сакен Қадырбекұлы өз сөзінде: Құрметті оқушылар табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруларыңыз кере керек. «Денсаулық – ең басты құндылық», «Салауатты өмір салты», «Тазалық – денсаулық кепілі». Сонымен бірге, қоғамның әлеуметтік өмірін жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болыңыздар- деп айта кетті.
Жадыра Өмірәліқызы, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі: Салауатты өмір салтын арттыруда артымыздан келе жатқан жастарға спортты баулудың маңызы зор екендігін айтқымыз келеді!
Апталық барасында өтетін жарыстар:
1. «Спорт –денсаулық кепілі!»-апталықтың ашылуы- 10 Г.
2. Көңілді жарыс: 1 сыныптар.
3. Көңілді жарыс: 2 сыныптар.
4. Көңілді жарыс: 3 сыныптар.
5. Көңілді жарыс: 4 сыныптар.
6. Футбол ойыны: 6 сыныптар.
7. Волейбол ойыны: 8 сыныптар.
8. Тоғызқұмалақ ойыны: 8-11 сыныптар.
9. «Әкем, шешем және мен біздер доспыз спортпен!»: 5 сыныптар.
10. Пневматикалық мылтықпен ату: 10-11 сынптар.
11. Баскетбол ойыны: 7 сынптар.
12. Қазақтың ұлттық ойындары: 9 сыныптар.
13. Мұғалімдер арасында көңілді жарыс: Мектептің мұғалімдері.