А.Байтұрсынұлының нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайысы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Байтұрсынұлының нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайысы
18
май
2022

А.Байтұрсынұлының нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайысы

2022-«Балалар жылына» орай Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын А.Байтұрсынұлының нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайысы өтті.
Ұйымдастырушы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы.
Әуелі бүгінгі шараның мақсаты:
*Қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау;
*Оқырманның ойлау, есте сақтау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту;
*Оқырманның өзіндік қиялына ерік бере отырып, ойлауға дағдыландыру, өзінше ой түюге баулу.
Сайыстың шарты: Сайыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде берілген нақыл сөздің соңын жалғау керек;
Екінші кезеңде 3 нақыл сөзді жатқа айтып, оның мағынасын түсіндіру;
Үшінші кезеңде қиылған құрақтардан нақыл сөздерді құрастыру.
Әр кезең 5 баллдық жүйемен есептеледі. 
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және кітаппен марапатталады. 
Енді байқауымызға төрелік етіп, әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
Гуля Жәлімханқызы Абдикерова, әдістеме бөлімінің меңгерушісі;
Нұргүл Советжанқызы Әлманбетова, №9 орта мектеп кітапханашысы;
Күлян Баймұханбетқызы Омарова, әдістеме бөлімінің әдіскері
Ендеше іске сәт! Сәттілік тілейміз! Сайысымызды бастайық!
#goroo_tdk #goronotald #goronotald_ #9mekteptdk