Референдум – ең маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Референдум – ең маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі
02
июнь
2022

Референдум – ең маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі

2022 – «Балалар жылына» орай, 2 маусым күні «Алматы облысы білім басқармасы Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ-де қалалық және облыстық Ардагерлер кеңестерінің Референдумды қоғамдық қолдау штабының белсенділері Туғанбаев Бахыт Сейсенбайұлы зейнеткер, Алматы облысы құрметті құрлышысы, қалалық  референдумды қолдау штабының мүшесі мен Сагатбекова Назипа Қапанқызы, құрметті ұстаз, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, қалалық  референдумды қолдау штабының мүшесі және мектеп басшысы Сембаева Ляйля Айтжанқызы және мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұжымымен кездесуін өткізді.
Кездесуде 2022 жылдың 5 маусымында өтетін референдум және ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат берілді.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өз¬герістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Бұл әрбір азаматтың жан дүниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындағаны туралы келген қонақтарымыз мектеп ұжымына баяндады жеткізді.