Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі
21
июль
2022

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі


«Қазақта «Татулық – таусылмас бақыт» деген даналық бар. Еліміз уақыт сынына төтеп берген тығыз әрі сенімді қарым-қатынасымыз, ортақ тарихи және рухани тамырымыз елдеріміз арасындағы достығымыздың сарқылмас көзі»,- деген сөздерімен мемлекетіміздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтқан болатын. 

Иә, бүгінгі Саммит Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін аймақтық кооперацияны дамытудың жаңа кезеңі. 

Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ынтымақтастық жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл бәріңізге белгілі. Соған қарамастан, қарым-қатынасымыздың уақыт сынына төтеп беретініне және күрделі геосаяси жағдайдаларына орнығатынын түсінуіміз қажет. Жалпы күллі әлемде елдеріміздің аумағы ежелден өркениеттер арасындағы алтын көпір қызметін атқарған құрметті Қазақстандықтар. 

Президентіміздің пікірінше, қазіргі уақытта да Орталық Азияның маңызды миссиясы – жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелесуші полюстері арасында дәнекер болу. Ерте ме, кеш пе күрделі геосаяси қайшылықтар кезеңі аяқталатындығы. Арадағы алтын көпір қызметі қалатындығы және бауырлас халықтардың келешек ұрпағы үшін теңдессіз мұраға айналдыру. Ортақ мүдделерді ескере отырып, мынадай іргелі міндеттерді шешуге мән беруді ұсынды.

БІРІНШІ. Қауіпсіздік пен дипломатия салаларындағы өзара іс-қимылдарды нығайту.

ЕКІНШІ. Біз, мемлекеттер басшылары өңірдегі әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою.

ҮШІНШІ. Көпжақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын құру.

ТӨРТІНШІ. Аймақтың көлік байланысын арттырып, біртіндеп транзитке жағдай жасау.

БЕСІНШІ. Климаттың қазіргі сын-қатерлері, су және энергетика ресурстарына сұраныстың артуы Арал теңізі бассейінінің су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Осыған қоса Президентіміз мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажеттігін атап өтті. 

Иә, өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарымыз  аймақ елдерінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық тарату жағынан ақсап тұрғандығы рас. Президентіміз мүмкіндігінше, бұл үрдісті өзгерту керек екендігін айтты. Бәлкім, бүкілаймақтық телеарна немесе ақпараттық интернет-сайтын ашқан жөн болар. Осы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін Орталық Азияның салалық мекемелері мен ақпараттық агенттіктері басшыларының жиынын тұрақты түрде өткізіп отыру пайдалы екендігін түсінуіміз қажет. Аймақты біртұтас мәдени кеңістік ретінде көрсету мақсатымен «Орталық Азияның мәдени астанасын» жыл сайын таңдау тәжірибесін енгізу керектігін атап кетті.

Осы жоғарыда көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды Талдықорған қаласының Сайын Мұратбеков атындағы «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ- сі Президентіміздің жүргізіп жатқан саясатын қолдайтындығын және еліміздің кәсіптік білім және жастарға қолдау көрсете отырып, Президентімізді қолдай отырып ерең- еңбек етуге ат салысамыз. 

Ақпараттың толық нұсқасы: https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaevtyn-ortalyk-aziya-memleketteri-basshylarynyn-iv-konsultativtik-kezdesuinde-soylegen-sozi-2163942