Бос жұмыс орыны » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
август
2022

Бос жұмыс орыны

Бос жұмыс орыны

Талдықорған қаласындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2022-2023 оқу жылына төмендегі көрсетілген мамандарды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:


1) Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 2 маман /тұрақты/;

2) Математика пәнінің мұғалімі қазақ сыныбына - 1 маман /тұрақты/,1 маман /уақытша/;

3) Математика пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 1 маман /тұрақты/,1 маман /уақытша/;

4) Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарына – 2 маман /тұрақты/;

5)Бастауыш сынып мұғалімі қазақ сыныптарына – 1 маман /тұрақты/, 1 маман /уақытша/.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырынған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бектілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бектілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы аңықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама.

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни  16 тамыздан  24 тамыз аралығында жүргізіледі.


Мекен жайы: Жетісу облысы Талдықорған қаласы «Қаратал» ш/а 46 үй.

Байланыс телефоны: 8 (7282310081

Эл.почта: taldschool9@mail.ru

Похожие публикации:

18 февраль 2022 Болашақ жас маман
05 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
02 сентябрь 2017 әдістемелік кеңес