1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты іс-шара » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты іс-шара
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты іс-шара



қыркүйек – Білім күніне арналған 

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» 

атты салтанатты іс-шараның анықтамасы.


Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну құштарлығын арттыру, оқушыларға Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын арттырып, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
  • өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

Қатысқан қонақтар тізімі:

1. Гүлнар Қожағұлқызы, облыстық маслихаттың хатшысы.

2. Майра Сапаргалиевна, Қазақ- жазушысы Сайын Мұратбековтың туған қарындасы.

3. Темірболат Жанболатұлы, Қалалық маслихаттың хатшысы.

4. Әділет Рымтайұлы, Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

5. Төлеужан Нүсіпжанұлы, Облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы.

6. Серік Әбікенұлы, Облыстық теледидар компаниясының басшысы.

7. Данияр Болысбекұлы, Облыстық теледидар компаниясының орынбасары.

8.Мақсұт Болатұлы, «Нақ бірлік» бірлестігінің басшысы.

9.Болат Есенғалиұлы, Талдықорған қаласы, Сарқанд ауданының құрметті азаматы.

10. Оралбек Нұрсейітұлы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Алакөл ауданының құрметті азаматы.

11. Раушан Жәнібекқызы, Талдықорған қаласының құрметті азаматшасы.

12. Мелс Рамазанұлы, Жергілікті композитор.


Бүгін 2022- «Балалар жылы» аясында 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыпта  Талдықорған қаласының «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ- де салттанатты салтанатты жиыны өтті.

Салтанатты жиыныда келген қонақтар өз сөздерінде, мектеп ұстаздарын, білім алушыларды және ата-аналарды мемлекеттік мекемеміздің қазақ – жазушысы Сайын Мұратбеков атауын берулуімен және жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтады.

Соңында салтанатты жиынымызда мектеп директоры Сембаева Ляйля Айтжанқызы құттықтау сөзін сөйледі және жоғарыда көрсетілген мақсат, міндеттерге толықтай тоқталып өтті.

Мектебіміздің қонақтары мен мектеп директоры білім ордамыздың жаңа атауы берілгеніне орай лента қию рәсімін өткізді.

Салтанатты жиынымызда 1-сынып оқушылары өздерінің өнерлерімен барша жиынға қатысқан көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, мерекемізде әсем ән мен билер орындалды. Іс-шара соңында мектепке келеген қонақтарымыз«1-қыркүйек Білім күніне» арналған сынып сағаттарына қатысты.

Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары қатысып, «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттарының өтуімен аяқталды.

Жалпы қатысушылар саны 1791