«Отбасы- бақыт мекені» атты тақырыптың Республикалық апталығы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы- бақыт мекені» атты тақырыптың Республикалық апталығы
16
сентябрь
2022

«Отбасы- бақыт мекені» атты тақырыптың Республикалық апталығы

«Отбасы- бақыт мекені» атты тақырыптың Республикалық  апталығына орай «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ


Ағымда 2022 жыл- «Балалр жылына» орай Жетісу облысы, Талдықорған қаласының білім бөлім басқармасының Отбасы күніне орай бекітілген жоспарды назарға ала отырып, «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- нің диреткорының жарлығымен бекітілген, Білім ордамыздың Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2022 жылғы 6 – 23 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық өткізілуде. 

Осыған орай  6.09.2022 жылы, мектебімізде  Отбасы күніне арналған «Отбасы -  рухани жаңғыру  негізі» ұранымен  «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың  іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

7-9 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта 1-11 сыныптарға сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.


6-9 қыркүйек аралығында  «Елімнің болашағы – салауатты отбасы» және «» атты тақырыптарда сурет пен шығармашылық байқауы өткізілді.

8 қыркүйек күні «Балалар, жасөспірімдер және ата – аналарға» құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жұргізілді.

9 қыркүйек күні Отбасы мерекесіне орай, дене шынықтыру бірлестігінің қатысуемн 4 сыныптар арасында «Көңілді старт», тақырыбында спорттық сынып аралық эстафета өткізді.


Сөз соңында қорытындылай келсек халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азабынан қорқам. Дәмді дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» деген екен.

Сондықтан бала тәрбиесін мектеп, ұстаз, ата-ана болып бірігіп бірге нығайту.Отбасы мүшелер арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу басты мақсатымыз.

Халқымыздың сан ғасырдан белгі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі данқпен, атақтан, мансаптан, қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.


Жалпы қамтылған оқушы саны

Жалпы қамтылған ұстаздар саны

1792 оқушы

75 сынып жетекші.

10 пән ұстаздары.


Жауаптылар: ДТІЖО- С. Блеутаев, А. Нукербаева, ПҰ- А. Советбек.