Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны
19
октябрь
2022

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны

«МДШО бар С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттауына орай «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» атты тақырыпта өткен іс- шарасының қорытындысы.


Мақсаты: Мектептің жылдық оқу-тәрбие жұмысында көрсетілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңының орындау барысында оқушылар арасында насихаттау жұмысының жүргізілуін зерделеу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы заңы 2007 жылы 4 маусым №258 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау туралы 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздерін оқып – үйрену және насихаттау мақсатында арнайы мектепішілік бұйрық шығарылып, жұмыс жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес жыл сайын қазан айында 1-11 сыныптар бойынша мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаттары, дөңгеек үстел, пікірталас т.б. ұйымдастырылады. Сынып жетекшілер тарапынан үнемі оқушылардың мемлекеттік рәміздерді ұмытып қалмауы, есте сақтауы үшін қайталау жұмыстарын уақытылы жүргізіліп отырылады.

Мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу, олардың бойында отаншылдық, патриоттық рухты берік қалыптастыру мақсатында мектепішілік 2021 жылы 08.10.2021ж. №308-ө бұйрығы шығарылып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты айлығы өткізілді. Айлықтың іс-шара жоспары жасалып, жоспар бойынша жауапты мұғалімдер тағайындалды. Жоспарға  сәйкес   11-29 қазан аралығында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» тақырыбында 1-11 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді.  Атап айтар болсақ:

1-сыныптар бойынша «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны!» тақырыбында, «Қазақстан Республикасының Рәміздері» тақырыбында 1 «В» сынып жетекшісі А.Рамазанова, 1 «А» сынып жетекшісі Ж.Омарова, «Государственные символы РК» тақырыбында 1 «Д» сынып жетекшісі Э.Семембаева және 1 «Ж» Т.Кметь т.б. сынып жетекшілерді атап айтуға болады. Оқушыларға рәміздер туралы түрлі құнды мәліметтер, өлең-жырлар айтылып, оқушыларды ел рәміздерін құрметтеуге, ел патриоты болуға тәрбиелейтін тәрбие сағаты болды. Сабақ соңында «Көк ту мен достар» мультфильмі көрсетілді. Нәтижесінде оқушылардың бойында патриоттық сана сезімдері арта түскенін, оқушылардың сабақ соңында берген кері байланыстарынан көруге болады.

Мектеп кітапханасында арнайы «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны!» тақыбында көрме ұйымдастырылып, оқушылардың қашықтан мемлекеттік рәміздер бойынша білімін тереңдете түсуіне жағдай жасалды. Мектеп кітапханашылары Р.Биядилова және Г.Альманбетова тарапынан шара барысында 1-4 және 5 сыныптарға рәміздерді құрметтеу азаматтардың, балалар мен жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыратыны туралы әңгімелер айтылды. 17 қазан күні  мектеп кітапханасында  «Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани байлағы» тақырыбында кезекші бастауыш сынып оқушыларымен Н.Альманбетова, 1 сынып оқушыларымен Р.Биядилова дөңгелек үстел, саяхат сабағы өткізілді. Оқушыларға мемелекеттік рәміздеріміздің маңыздылығын түсіндіру, оны кейінгі ұрпаққа мәңгілік мақтаныш тұтатын символ екенін ұғындыру екенін атап өтті.

18 қазан күні «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» тақырыбы аясында  6 сыныптар арасында  тарих пәні мұғалімдері  Д.Икласбаев, Р.Сағындықова ұйымдастыруымен сайыс сабақ өтті. Сайыс сабақ мақсаты: оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу керектігі жайлы түсінікті енгізе отырып, өз бетінше іздену, ақпараттарды қолдану, сараптау, ойды жеткізе алу, ақпаратты талдау қабілеттерін дамыту. Сайыс барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Кім тапқыр?», «Ойлан тап!», «Кім жылдам?»,  «Ойлы болсаң озып көр» атты кезеңдері бойынша   жұмыс жасады. Нәтижесінде 6 «Б» сынып оқушылары жеңіске жетіп, қатысушылар марапатталды.

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыптарында  5 «Б» сынып жетекшісі Ш.Абишева, 5 «В» сынып жетекшісі М.Аликенова, «ҚР мемлекетттік рәміздері» тақырыбында 5 «Г» сынып жетекшісі Ғ.Рахимжанова, «Символы РК» тақырыбында 5 «Д», «Е» сынып жетекшілері А.Абдикаримова, Ж.Жумалиева;  «Менің елімнің рәміздері» тақырыбында 6 «А» және «Ә» сынып жетекшілері Ж.Нарынбаева, Д.Керейбаева, «Жас өркен – мемлекеттік рәміздерді қадірле!» тақырыбында 7 «Ә»  сынып жетекшісі Ғ.Матеева, 8 «Д» сынып жетекшісі А.Серикова және 8 «Ә, Б» сынып жетекшілері М.Тленчиева және А.Мжиратхан т.б. тақырыпқа  сай көрнекі құралдарды кеңінен қолдана отырып, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық, патриоттық сезімді дамытатын және мемлекетттік рәміздерді құрметтеуге үйрететін сынып сағаттарын өткізді.

9-11 сыныптар арасында «Менің  елімнің  рәміздері», «ҚР мемлекеттік рәміздері» тақырыптары аясында 9 «А, Ә» сынып жетекшілері Н.Маукенқызы, А.Темиржанова, 9 «Д» сынып жетекшісі А.Иманалина, 10 «А» сынып жетекшісі А.Абдуллина; «Байрағым, желбірегін мәңгі көкте!» деген тақырып аясында 11 «В»  сынып оқушыларымен тарих пәні мұғалімі Б.Солтанханова танымдық қабілеттеріп арттыратын, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятатындай ақпараттық технологияны кеңінен қолдана отырып дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына тоқталып, бірнеше қызықты сұрақтарға жауап берді. Белсене қатысқан Ахтан А., Жарылкасынова А.,Загречев Д., Цемин В. сынды оқушыларды ерекше атап айтуға болады.

10 «В» сынып жетекшісі Т.Еркенова ұйымдастырған «Символы Республики Казахстана» атты тақырыптық- танымдық тәрбие сағаты оқушыларға қызықты әрі жан-жақты ақпараттары мол, оқушылардың елге құрмет көрсету сезімдерін арттыра түсетін көрнекі құралдарды қолдана отырып, жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізді.

Бастауыш сынып бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Блеутаев, әдістемелік бірлестік жетекшісі Қ.Төлеген ұйымдастырған «Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі» атты бастауыш сынып оқушылары арасында   сурет  көрмесін ұйымдастырды.  Сурет көрмесіне 2-4 сыныптар белсене  қатыса білді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілді. Оқушылардың бойында патриоттық сана сезімдері, Отанға, елге деген құрметтері арта түскенін оқушылардан алынған, эссе, сурет салу жұмыстарынан, сынып сағат барысында берілген сұрақтарға жауап беру деңгейлерінен байқауға болады. Мысалы, 7 «Д» сынып жетекшісі Ж.Бейсекенова тәрбие сағатына ата-аналарды қатыстыра отырып, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына тоқталып, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыра білді. 1 сынып жетекшілері өткізген тәрбие  сабақтары оқушыларға қызықты әрі танымды болды.    10 «Ә» сынып жетекшісі А.Кожахметова өткізген сынып сағаты музыка, тарих, және қазақ тілі пәндерімен кіріктіріліп өткізілді. Сынып оқушылары, алдымен мемлекеттік әнұранды орындаумен сабақты бастап, мемлекеттік рәміздер шығу тарихына тоқталды. Сонымен қатар, әр тапсырманы белсене орындап, Отан туралы мақал-мәтел айтты, мемлекеттік рәміздер туралы сауалнама сұрақтарына жауап берді, елін, жерін құрметтеуге байланысты бейнефильм үзіндісі көрсетілді. Сабаққа барлық оқушы белсене қатысты. Сонымен қатар, айлық барысында дүйсенбі күні аптасына бір рет «Мемлекеттік Гимн» айтылды.

Алайда, айлық барысында тәрбие сағатын өткізбеген сынып жетекшілерде анықталды( 6 «Г» және 7 «Г» сынып жетекшілері Г.Дауталиева, С.Орымбай).

Жалпы өткізген іс-шаралар барысында анықталған негізгі кемшіліктер сынып сағаттарында оқушылардың мемлекеттік рәміздердің ретін, авторларын толық білмеуі, тәрбие сағаттарын дәстүрлі форматта жүргізуі, оқушылардың шынайы еліне деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді   толық сезінбеуі байқалып отыр.

Ұсыныс:

  1. ҚР мемлекеттік рәміздерін оқушылар арасында насихаттау мен дәріптеу жұмысы одан әрі қарай  жандандыру. Жауапты: ДТЖО С.Блеутаев, А.Нукербаева, 
  2. 1-11 сынып оқушыларына мемлекеттік рәміздердің авторлары, шығу тарихы туралы патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттарын өткізу.   Жауапты: ДТЖО С.Блеутаев, А.Нукербаева   сынып жетекшілер.
  3. Айлық барысында сынып сағатын өткізбеген 5 «Г» және 7 «Г» сынып жетекшілері Г.Дауталиева, С.Орымбай ІІ тоқсан барысында тәрбие сағатын жүргізу. Жауапты: С.Блеутаев.

Жалпы қамтылған: 55 сынып жетекші, 1700- оқушы. 

https://www.instagram.com/p/CkLB2qTsR8z/?utm_source=ig_web_copy_link


Дайындаған: ДТЖО С.Блеутаев.