Отанға қызмет, азамат үшін міндет! » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2023

Отанға қызмет, азамат үшін міндет!





«МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғаны күніне орай 
«Отанға қызмет, азамат үшін міндет!» оқушыларының жиналсы өткізілді
Мақсаты: Ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстауы.
Ағымда  ақпан айының 9 күні «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғаны күніне орай «Отанға қызмет, азамат үшін міндет!» атты тақырыпта білімордамызда 8-11 сынып оқушылары ер балалар арасында арнайы шақыртылған Кеңес одағының батыры генерал Панфилов атындағы 18404 әскери бөлімінің 37 десанттық шабылдаушы бригада майор Каратаев және аға сержант Сабырбеков жауынгерлерімен кездесу өтті.
Майор Каратаев: Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Кездесу барсында ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, әртүрлі спорттық іс-шараларға қатысу, салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында кездесуіміз өтті. 
Мектеп оқушыларымыз осы кездесуден өзіне кереп ақпараты меңгеріп, болашақта еліміздің өркендеуіне үлесін қосатыны анық. Жасөспірімдерімізге мектеп басшысы мен мектеп әкімшілігі және ұжымы әрдәйім қолдау көрсетеді. Патриоттық тәрбие арқылыоқушыларымыздың патриоттық рухын көтеріп, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға іс- шарамыз өткізілді.