ҚР ІІМ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ІІМ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
21
февраль
2023

ҚР ІІМ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ


ҚР ІІМ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымда «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- нің «Жас Полиция» ұйым мүшелері 17 ақпанда Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында ҚР ІІМ Қостанай академиясының өкілдері облыстық полицияның кадр саясаты қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылғы мектеп түлектерімен және кадет сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге қаламыздың  200-ден астам оқушы қызығушылық танытты. Шырақбек Қабылбаев атындағы полиция жоғары оқу орнының өкілдері балаларға арнайы оқу орнына түсу тәртібі, мектеп түлектеріне қойылатын талаптар, оқу бітіргеннен кейінгі перспективалар мен кепілдіктер туралы айтып берді. Бұл жоғары оқу орнының позитивті жағына аса назар аударылды, яғни тегін оқу және жатын орынға, кепілдендірілген стипендия және бірыңғай киім үлгісіне. Оқушыларға Академияда оқу кезеңі әскери қызмет ретінде есептелетіні, сондай-ақ қызметтік өтіліне кіретіні және оқу бітіргеннен кейін "полиция лейтенанты" арнайы атағы берілетіні түсіндірілді. «Түлектер Академияның жатақханасында тұрып, төрт жыл оқиды.

Оқуды аяқтағаннан кейін олар міндетті түрде ішкі істер органдарына қызметке орналастырылады. Академия екі бағыт бойынша - әкімшілік қызмет және қылмыстық-атқару жүйесі бойынша бакалаврларды даярлауға мамандандырылған. Оқу орны Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін оқыту кезінде тәжірибеге бағдарланған тәсілдерге көп көңіл бөледі», - деді ҚР ІІМ Қостанай академиясының әкімшілік қызмет кафедрасы бастығының орынбасары Данияр Қалқаманұлы. Күндізгі оқу түріне талапкерлерді қабылдау осы жылдан бастап (төрт жылдық үзілістен кейін) жүргізіледі. Барлық мамандықтар әзірге әкімшілік тәжірибеге бағытталған. Кездесу барысында ұйымдастырушылар оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.