Мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылы
31
март
2023

Мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылы

Қазіргі мектеп оқушыларының неліктен кітапқа қызығушылығы болмайтыны жан-жақты талқыланып, оны шешудің жолдары туралы арнайы ұсыныс пен нақты қадамдар атап айтылды яғни ол бүгінгі күннің ең өзекті мәселелердің біріСебебі жаһандану заманында өз тарихын, тілін, әдебиетін сүйетін, оны бағалай білетін, рухы мықты ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады құрметті оқырман.

Осыған орай біздің «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де арнайы жобалар, олар: «Оқуға құштар», «Буккроссинг» бұрыштары, «Рухани Жаңғыру» жобасы аясындағы «Венденг» аппараты «Сұраққа жауап берде кітап ұтып ал!». 

Осы жобалдың басты мақсаты: Рухани жаңғыру, рухты қайта көтеру! Оны қандай жолмен жүзеге асырамыз деген сұрақ туындайды? Бұл мәселенің шешімі, менің ойымша, кітап оқу құрметті ағайын!

Қазіргі оқушылардың кітап оқуға қызығушылығы өте төмен. Оны мойындауымыз керек.

Бала еш нәрсеге қызықпаса, ештеңе үйрене алмайды. Сол секілді кітапқа қызығушылықты ояту баланың кішкене кезінен қолға алынуға тиісті уақыт күттірмейтін үлкен мәселе.  Үйде ата-ана кітап оқыса, ол отбасының баласы міндетті түрде кітапқа қызығатын, қызығып қана қоймай оқитын, рухани мықты болып өседі. «Баламның кітапқа қызығушылығын қалай арттырамын?» дейтін қазіргі ата-аналарға айтар 3 кеңес:

  1. Алдымен өзіңіз оқыңыз, күнделікті бір уақыт бөліп, балаңызбен бірге отырып оқуға дағдыланыңыз. Балаңызды қызықтыруға тырысыңыз. Мысалы, мен бүгін 5 бет оқып бітіремін немесе осы шығарманың жартысына дейін оқиық, сен де 5 бет оқысаң бірге бітеміз, қай кейіпкер ұнап жатыр, кімнің іс-ірекеті дұрыс деп ойлайсың? Маған мына тұсы ұнады деп әңгіме жүргізіп, оқығанын ой елегінен міндетті түрде өткізіп, жадына тоқып отырыңыз.
  2. Төменгі сынып оқушылары болса өз таңдауы бойынша немесе сыртқы мұқабасына қарап кітап сатып алып беріп оқытуға тырысыңыз. Ішкі суреттеріне мән беріп, мынау суреттегі кім екен деген қызықты сұрақтар қойып, жауап алуға тырысыңыз! Кітапқа қызығушылық төменгі сыныптарда қалыптасқаны дұрыс.
  3. Әйгілі тұлғалардың атын атап, осы кітап арқылы жетістікке жетіпті. Мен де оқып көрейін, не жазылғанын, өмірде кездесетін қиыншылықтарға жауап бәлкім осы кітаптан табылар деген секілді ата-ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынастан барып кітапқа қызығушылық оянады.

Иә сөзімді қорыта келсем «Қазіргі заманда отбасындағы тәрбиені балалар телефон, әлеуметтік желілер арқылы алып жатқаны өтірік емес. Ата-ана қашан да балаға тәрбие беруде өз орнын біліп, өз міндетін адал атқанғаны абзал.Отбасылық құндылықта білім мен тәрбие басты орында болу керек құрметті оқырман».