«Тәуелсіз ел ұрпақтары» концерттік бағдарламасының жүргізілу жоспары » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіз ел ұрпақтары» концерттік бағдарламасының жүргізілу жоспары
25
ноябрь
2022

«Тәуелсіз ел ұрпақтары» концерттік бағдарламасының жүргізілу жоспары

Өткізілу мерзімі: 2021 жыл 12 желтоқсан

Өткізілу орны: №9 орта мектеп ғимаратының мәжіліс залы

Өткізілу уақыты: 10:00

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
 Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік іс шараға  балалар залға қуанышты көңіл күймен кіреді.

ҚР Гимні орындалады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты салтанатты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Алғы сөз:

Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Осы тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін біз қандай болуымыз керек:

1.бала: Т – тәртіпті

2.бала: Ә - әдепті

3.бала: У – Ұқыпты

4.бала: Е - еркін

5.бала: Л – лайық

6.бала: С – сауатты

7.бала: І – ілтипатты

8.бала: З – зерделі

9.бала: Д – дарынды

10.бала: І – ізетті

11.бала: К – кішіпейіл

яғни осындай жақсы қасиетке ие болуымыз керек.

Жүргізуші:

16 желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің. 

Енді балаларымыздың тәуелсіздікке арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Хор: «Тәуелсіз елдің ұланы»

Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
 Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
 Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
 Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Тақпақтар: «Ақбота» тобы

Нұрсұлтандай атамыз

Қазақ елін басқарған.

Атамыздай боламыз

Ел тағдырын ойлаған

Айша:

Отан менің ата анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам,

Отан туған ауылым.

Қыздар биі: «Қарлығаш» тобы

Жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін.
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
 Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
 Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
 Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
 Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Жеке ән: «Туған Жер»

Орындайтын: Алтай Расима

Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
 Ұлы достық
 Нұрлы достық
 Күн достық
 Достық деген қасиетті ұранға
 Кең даланың жүрегі де үн қосты
 Биші қыздар биімен де үн қосты

Би:Қыздар биі «Балапан» тобы

Жүргізуші:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме –дей келе балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар
 Жасмин:

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған

Аға, әпкелеріміз

Расима:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Айару А:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату тәтті боп халқымыз әрқашанда,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Сезім Т:

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлық той.

Арсен:

Тәуелсіздік елдеміз

Қунамыз күнде біз

Ата –бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз.

Әния:

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі. 
 Ұлдар биі:

Көрініс:

Басталуы.
 Көрініс «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
 Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
 Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
 Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
 Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
 Немересі: - Ал, ол қандай болған?
 Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
 Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
 Жинады ескілерден тарих хатын.
 Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
 Айтылған аталардың аманатын. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
 (атасы мен немересі ойланып отырады)
 Немересі: Ата, ата біз мектепте тәуелсіздік туралы өлең жаттадық. Айтып берейін бе?
 16 - желтоқсан
 Ел мерейі тасыған
 Қазақ деген қалың жұрт
 Бәрін кешті басынан
 Естісін ел үніңді
 Дүние түгел естісін
 Тәуелсіздік туыңды
 Биік көтер, жас ұлан!
 Көрініс жалғасады.
 Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.
 Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. («Көңіл толқыны» күйі орындалады)
 Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
 Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
 Атасы: - Егемендік – деген....
 Көптен бері естілмеген ерен сөз,
 Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
 Көркем жігіт болып өссе көген көз.
 Егемендік ел болудың белгісі.
 Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
 Егеменді деген сөзден естілер,
 Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
 Міне «Егемендік» деген осы.
 Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

Хор: «16 желтоқсан»

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
 Жас өрендер желбіретіп нық ұста
 Ғасырларға жалғастырып елдікті
 Дақ түсірме ата баба рухына
 Үлгі бізге аталардың ерлігі
 Ұлағаты өнегесі еңбегі
 Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
 Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
 «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
 Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!