Мерекелік іс-шаралар
Мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің атты апталығы өткізілді.
Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.