Нормативтік құжаттар » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2017

Нормативтік құжаттар

1. Жалпы ережелер

1.1. Талдықорған қаласының білім бөлімі мемлектетік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан ірі – мемлекеттік мекеме) үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі, өзіне бекітілген аумақта тұратын барлық азаматтарға мемлекттік стандарттар шеңберінде мемлекет кепілдендірген тегін білім алу, жалпы білім беру функцияларын жүзеге асыру үшiн мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

1.2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

1.3. Мемлекеттік мекеме Алматы облысы әкімінің 22.09.2003ж. шешімімен «№ 9 орта мектеп» мекемесі (әрі қарай «Мектеп») болып құрылды.

1. 4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Талдықорған қаласының әкімдігі болып табылады.

1.5. Тиісті салаyның уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Талдықорған қаласының білім бөлімі болып табылады.
1.6. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері индекс 040000 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, №46 үй.ЖСК 02120120 Қазыналық қалалық бөлім. БСК 195301070. СТН 092200213202.БСН 030940003379.

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

2.1. Мемлекеттік мекеме заңнамаларда белгіленген тәртіппен әділет ұйымының мемлекеттік тіркеуінен өткен кезден бастап құрылады және заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

2.3. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

2.4. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша тиісті бюджет қаражатынан жәрдемақылы

(субсидия) жауапкершілігін Талдықорған қаласының әкімдігі атқарады.

2.5. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

3.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – оқушыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру және орта білім беру бағдарламаларының іске асырылуы болып табылады.

3.2. Мемлекеттiк мекеменің іс-әрекеті төменгі мақсаттарға бағытталған:

1. Білім алушылардың жалпыға бірдей білім беру бағдарламаларының мазмұнын ұғу арқылы, жалпы мәдениетін қалыптастыру;

2. Білім алушылардың тиісті білім деңгейін алуына;

3. Білім алушылардың өмірге бейімделуін, оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді, адамның құқы мен еркіндігін, қоршаған ортаны, жанұяны сүюге бейімдеу болып табылады;

3.3. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы орта білім беру және мақсаттандырылған біртұтас жеке-дара жоспар арқылы тәрбиелеу, қазақ және шетел тілдерін, информатика және бағдарламалау негіздерін тереңдетіп оқыту;
2) сауықтыру іс-шаралары мен көркем шығармашылық және басқа да шығармашылық қызметтерін ұсыну;

3) білім алушыларды кәсіптік даярлау;

4) оқу жоспарында қарастырылған аталмыш дисциплина бойынша бағдарламалар, арнайы бағдарламаларды сабақтан тыс оқыту;

5) басқа жалпы орта білім беру мекемелерінің білім алушыларымен дайындық дәрістерін жүргізу;

6) түп нұсқалық авторлық оқу курстары мен бағдарламалар құру, мектепке дейінгі 6-7 жасар балаларды жалпы білім беру мектебінің шеңберінде дайындау;

7) бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын басқа да мектепке дейінгі оқу орындарымен байланыс және іскерлік қарам-қатынас орнату;

8) өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттер

Мемлекеттiк мекемеге жарғыда (ережеде) бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.

3.4. Мемлекеттiк мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының шектеулi заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасалған мәмiле тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органының) немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

3.5. Мемлекеттiк мекеме басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.

4. Мемлекеттiк мекеменi басқару

4.1.Мемлекеттiк мекеменi жалпы басқаруды «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

4.2.Талдықорған қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)мемлекеттік мекемеге тиесілі мүлікті бекiтiп береді;

2)мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3)мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4)мемлекеттік мекеменің Жарғысын (Ережесін) бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

5)жылдық қаржылық есебін бекітеді;

6) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

7) мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдігін құруға келісімін береді.

8) мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастырылуы таратылуы туралы шешім шығарады.

9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

4.3.Мемлекеттік мекеме басшысы мектеп жұмысын ұйымдастырады, қалалық оқу білім бөліміне тікелей бағынады және мектепке жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз қызметтерін атқаруына жауап береді.

4.3. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеме басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

2) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін белгілейді;

3) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

4.4. Мемлекеттік мекеме басшысы дара басшылық ұстанымдары бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасы заңнамаларында және осы Жарғыда белгіленген құзырына сәйкес әрекеттегі мәселелерді шешеді.

4.5. Мемлекеттік мекеме басшысы жемқорлыққа қарсы әрекет жұмыстарын ұйымдастырады және мектепте жемқорлық әрекеттердің орын алмауына дербес жауапты.

4.6. Мемлекеттік мекеме басшысы өзіне берілген өкілеттік шеңберінде, сенімхатсыз мектептің атынан барлық әрекеттерді жүзеге асыруға, мүддесін қорғауға, мектеп мүлкін жұмсауға, келісім-шарттар жасауға, соның ішінде еңбек келісім-шартын жасауға, сенімхат беруге, банктерде есепшоттар ашуға, қаржыларды басқару құқығын пайдалануға, орындалуы тиіс бұйрықтар шығаруға, мектеп алдында тұрған басқа да міндеттерді орындау үшін өзге де қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.

4.7. Мемлекеттік мекеме басшысы 2 ай бұрын жазбаша түрде құрылтайшыға ескертіп, өз міндеттерін орындаудан кез –келген уақытта бас тарта алады.

4.8. Мемлекеттік мекемеде оның ұстаздарынан, ата –аналардың, мектеп бірлесе қызмет ететін ұйымдардың және қоғамның өкілдерінен, оқушылардың заңды өкілдерінен тұратын өзін өзі басқару органы – Мектеп кеңесі жұмыс істейді. Мектеп кеңесінің өкілеттік мерзімі – 1 жыл.

1. Мемлекеттік мекеме (мектеп) кеңесі:

- Мемлекеттік мекеме (мектеп) Жарғысын, оған енетін өзгерістерді, Жарғының жаңа редакциясын қабылдайды;

- негізгі өндірістік шаруашылық әрекеттің даму жолдарын анықтайды.

- оқушының киім үлгісінің қажеттілігін және түрін белгілейді,

- қызметіне сай емес тұлғалармен еңбек шартын бұзуға ұсыныс білдіреді;

- мектептің педагогикалық қызметкерлерін аттестациядан өткізеді және соның негізінде білім берудің жергілікті басқару органдары жанындағы біліктілік комиссиясына мектептің педагогикалық қызметкерлерінің санаттарын көтеру туралы ұсыныс енгізеді;

- педагогикалық қызметкерлерді біліктілігін көтеру курстарына, өтілденуге жіберіп отырады;

- педагогикалық қызметкерлер мен мектептің басқа да жұмысшыларын ынталандыру түрлеріне ұсынады.

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуды және жетілдіру жөніндегі қоғамдық бастамаларға, ұстаздардың шығармашылық ізденістеріне, сынақ –сараптама жұмыстарына қолдау көрсетеді;

- оқушылардың, тәрбиеленушілердің жан –жақты дамуын және ұстаздардың шығармашылық әрекетін қамтамасыз ету мақсатында мектептің өндірістік ұйымдармен, ерікті қоғамдармен, басқа да мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесе әрекетету жолдарын анықтайды;

- жеке мұғалімдердің, директордың және директор орынбасарларының жұмыстары туралы есепті тыңдайды;

- білім алушылардың тәртібі, талап ету және марапаттау туралы ережені бекітеді;

- оқушыларды мектептен шығару жайында шешім қабылдайды .

- Мектеп кеңесінің барлық шешімдері уақытысында жұмысшыларға, қызметкерлерге, білім алушыларға, ата –аналарға және басқа заңды тұлғаларға жеткізіледі.

- Мектеп кеңесі қажеттілігіне қарай жиналады. Мектеп кеңесінің мүшелері қоғамдық бастауларда өз міндеттерін орындайды. Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда отырыс өткен болып саналады. Шешім отырыста қатысушылар санының білікті басым көпшілігінің дауыс саны арқылы қабылданады.

- Мектептің оқу –тәрбие процесінің ұйымдастырылуы педагогикалық кеңес арқылы іске асады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектептің педагогикалық қызметкерлері кіреді, олардың ішінен төраға сайланады.

- Педагогикалық кеңес оқу бағдарламаларының (оқу жоспарының, бағдарламаларының, оқулықтардың, т.б.) әртүрлі нұсқасын, оқу –тәрбие процесінің тәсілін, түрін және оларды іске асыру жолдарын таңдауды жүргізеді және талқылайды, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру және кәсіптік қызметін дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.

- Педагогикалық кеңес өкілеттілігінң мерзімі 1 жыл. Оның отырыстары қажеттілік туған жағдайда өткізіледі. Отырыс Педагогикалық кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса өткен болып қабылданады.

- Мектепте ата –аналар комитеті жұмыс істейді. Мектептегі ата –аналар комитетінің сандық құрамы сынып – комплектлердің саны арқылы анықталады. Ата- аналар комитетінің өкілеттік мерзімі – 1 оқу жылы.

- Мектептің ата –аналар комитетінің жұмыс тәртібі мен құзыры –мектеп кеңесі бекіткен ата –аналар комитеті туралы ереже арқылы анықталады.

2. Мекеменің білім алушылары мен тәрбиеленушілері құқылы:

- мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес білім алуға;

- мектеп кеңесінің шешімімен жеделдетілген оқу бағдарламалары, жеке оқу жоспарлары бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шегінде оқуға;

- өзінің бейімділігіне сәйкес қосымша білім қызметтерін алу, оқу жоспарына сәйкес балама курстарды таңдауға;

- мектепті басқаруға қатысуға;

- мемлекеттік оқу орнынан мемлекеттік емес оқу орнына, бір оқу мекемесінен басқа оқу мекемесіне ауысуға және қайта алынуға;

- мектеп кітапханасының ақпараттық ресурстарын пайдалануға, оқу шартында белгіленген тәртіпте оқулықпен қамтамасыз етілуге,

- өзінің нанымы мен пікірін ерікті түрде білдіруге;

- өз басының адамдық қасиетін құрметтеуге;

- оқуда және шығармашылық әрекеттерінде жетістіктері үшін марапатталуына, сыйақы алуына;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруде жеңілдіктер пайдалануға:

- Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының көлемінде білім алуға, тәжіоибе машықтарын игеруге, оқу жоспарында және оқу бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға, ұлттық, жалпы адамзаттық, рухани құндылықтарды құрметтеуге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және мектептің Жарғысында белгілінген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

- Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығын сақтауға, рухани және физикалық тұрғыда өзін өзі жан –жақты жетілдіруге міндетті.

- Білім алушылар мен тәрбиеленушілер міндеттемелерін бұзған жағдайда, оларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіптік іс –шаралар қолданылады.

3. Кәмелетке толмаған балалардың ата –аналары және басқа заңды өкілдердің құқықтары:

- баланың жеке еркшелігін, бейімділігін, қалауын ескере отырып, білім беру ұйымын таңдау;

- ата –аналар комитеті арқылы мектепті басқару органның жұмысына қатысу;

- мекемеден өз балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі, оқу талаптары туралы ақпараттар алу;

- өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық, дәрігерлік – педагогикалық консультациялардан кеңес алу.

4. Ата –аналардың және басқа да заңды өкілдердің міндеттері:

- балалардың өмір сүруі мен оқуына, денсаулығына қолайлы жағдай жасау, олардың ақыл –ойының және физикалық күшінің дамуын, мінез қалыптасуын қамтамасз ету;

-алты жаста баланың мектепке дейінгі дайындығын қамтамасыз ету, алты (жеті)жастан жалпы білім беретін мектепке беру;

- білім беру ұйымдарымен бірлесе әрекет ету;

- балалардың мектепке баруын қамтамасыз ету.

4.9. Мектеп қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері осы Жарғымен, ішкі тәртіп ережелерімен және лауазымдық нұсқаулармен белгіленеді.

4.10. Мектептің педагогикалық қызметкерлері педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырушы тұлғалар болып табылады. Педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңдестірілген тұлғалардың лауазымдар тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

5. Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары:

- кәсіби әрекеті үшін талаптарды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды сақтау талабымен педагогикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру түрін, әдістерін еркін таңдау;

- ғылыми –зерттеу тақырыптарын және олардың нәтижелерін педагогикалық тәжірибеде пайдалану түрін таңдау еркіндігі;

- мектептің басқару органдарының жұмысына қатысу;

- құрылтайшының есебінен бес жылда бір рет жұмысын тоқтатып, өз біліктілігін көтеру;

- санатын көтеру, қызметін өсіру мақсатында уақытынан бұрын аттестациялану;

- жалпы орта білім беру мектептерінің педагогикалық қызметкерлеріне тиісті ұзақтығы 56 күнтізбелік күн ақылы демалыс алу;

- жеке педагогикалық әрекетпен шұғылдану;

- өзінің кәсіби арын, абыройын қорғау;

- мектеп директорының бұйрығы мен өкімдеріне шағымдану;

- педагогикалық әрекетіндегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық тұрғыда марапатталу.

6. Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің міндеттері:

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған деңгейден төмен емес білім, машықтар алуын қамтамасыз ету;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілер шығармашылық қабілеттерін ашып, дамытуға ықпал ету;

- өз біліктілігін көтеру;

- педагогикалық этика нормаларын сақтау;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілірдің абыройын құрметтеуге;

- салауатты өмір салтын сақтау, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арасында салауатты өмір салты туралы үгіт –насихат жүргізу;

4.11. Қызметкерлер мен мектеп арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен немесе еңбек туралы заңнамаға қайшы келмейтін мәмілемен реттеледі.

4.12. Мектеп қызметкерлерінің еңбек ақы төлемдер тарификация негізінде төленеді.

4.13. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа , мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

4.14.Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.

4.15.Өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттiк мекеменiң басқа да басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;

4.16. Оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң құрылу тәртiбi

 

5.1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі меншік иесінің оған оперативтік басқару құқығымен тапсырған, өзіндік баланстағы, ақша қаражатынан тұратын мүліктен құралады.

5.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі төмендегідей құралады:

-меншік иесінің оперативтік басқару құқығымен тапсырған мүлкі:

-оның әрекеттерін жүзеге асыру барысында алған мүлкі (ақшалай қаражатты қосқанда);

-заңнамалық актіде қарастырылған басқа да мүліктер.

5.3. Меншік иесі мемлекеттік мекемеге берілген мүліктік сақталуына оның тиімді қлданылуына бақылау жүргізеді. Егер мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілсе, ондай іс –әрекеттердің нәтижесіндекірген кірістер өзіндік баланста есептеледі.

5.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша ақшалай жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша құрылтайшы жауап береді.

5.5. Мемлекеттік мекеме бюджет қаржысы жүргізген барлық азаматтық –құқықтық мәмілелер аумақтық қазынашылық органдарында тіркеуден өтеді. Тіркеу кезінде жүргізілген мәмілелердегі соманың жылдық сметалық мақсаттарға сәйкестігі тексеріледі.

5.6. Мемлекеттік мекеме азаматтық –құқықтық мәмілелерді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізген кезде оларды қаржылық жылдың бір кварталы мерзіміне жасауға тиіс. Қаржылық жылдың бір кварталынан артық мерзімге жасалған мәмілелер аумақтық қазынашылық органдарында оларды тиісті қаржы органдары келісімдегеннен кейін барып қана тіркеледі.

5.7. Бір қаржылық жылға жасалған, аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген, бірақ ағымдағы қаржылық жылда аяқталмаған мектептің азаматтық–құқықтық мәмілелері келесі қаржылық жылда қайта тіркеуден өткізіледі.

5.8. Мемлекеттік мекеменің сметалық мақсаттағы көлемнен және бөлінген лимиттерден артық қарызға алған тауарлары, жұмыстар бюджет қаржысынан төленбейді. Заңсыз сатып алуларға мектеп директоры заңнамада белгіленген тәртіпте жауап береді.

 

6. Мемлекеттiк мекемедегi жұмыс тәртiбi

 

6.1. Мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес және еңбек шарты негізінде анықталады.

Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

6.2. Оқушыны мектепке қабылдау кезінде оны, ата –анасының немесе заңды өкілдерінің мемлекеттік мекеменің жарғысымен, білім беру әрекетіне құқық лицензиясымен және басқа да қабылдау, оқу –тәрбие барысы тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстыруға міндетті. Құрылтайшы мемлекеттік білім беру мекемесіне мектепке дейінгі және жалпы бастауыш білім жасындағыларды қабылдаудың тәртібін бекітіп, психологтармен дәрігерлердің қатысуымен қабылдау коммисиясын құрады.

6.3. Мектептің оқу –тәрбие әрекеті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

6.4. Мектеп киім үлгісін, оқушыларды аттестациялаудың аралық кезеңдерін және тәртібін таңдауда ерікті.

6.5. Мектептегі тәртіп тәрбиеленушілердің, оқушылардың,педагогтардың, адамдық абыройын өзара сыйласу, құрметтеу негізінде құрылады. Тәрбиеленушілерге, оқушыларға қатысты моральдық, психикалық, физикалық күш көрсетуге жол берілмейді.

6.6. Кәмелетке толмағандардың ата–аналары және басқа да заңды өкілдері білім беру процесінің мазмұны мен оның жүргізілуі барысымен, сонымен қатар, оқушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

6.7. Мектептің тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдық бөлігі болып табылады және патриоттық, азаматтық, интернационалистік, жоғары мораль және адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылардың жан–жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған бағдарлама болып табылады.

6.8. Мектепте нәсілге, ұлшылдық, діншілдік, әлеуметтік талас–тартыстарға байланысты үгіт-насихаттар жүргізуге, халықаралық құқық пен гуманизмнің ортақ танылған ұстанымдарына қайшы келетін милитаристік және басқа да пікірлерді таратуға тыйым салынады. Мекемедегі тәрбие бағдарламалары Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың және халықтардың ұлттық –мәдени, халықтық мәдениетінің элементтерімен толықтырылады.

6.9. Мектептегі оқыту үш сатыдан тұрады:

1 саты бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) оқу әрекетінің негізгі білімдері мен машықтарын, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекетін өзіндік бақылауды, сөйлеу және өз –өзін ұстауды игеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар баланың даму сатысын және жеке қабілеттерін анықтауға бағытталады;

2 саты - негізгі орта білім беру (5-9 сыныптар) оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу шарттарын, бейімділігі, қабілеті мен қызығушылығы, өзін–өзі танып білу талаптарын қамтамасыз ету;

3 саты – орта білім беру (10-11 сыныптар) білім алушылардың тұрақты,танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын, оқытудың дифференциалдығы негізінде оқу әрекетінің өзіндік машықтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім беретін мектептердегі бұл сатыда оқушылардың кәсіпқойлық бағдарын және қабілетін, қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік оқыту және таңдау бойынша оқыту жүзеге асырылады. Көрсетілген сатыларда мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта (толық) білім беру жүргізіледі. Әрбір сатының білім беру бағдарламалары сабақтас болып келеді, әрбір келесі бағдарлама алдындағысына негізделініп отырады.

6.10. Оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуді және дамытуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес орыс тілін және шетел тілдерінің біреуін оқытады.

6.11. Оқушылардың келісім шартты артынша бұзып, қаланың, облыстың, республиканың өз сыныбына сәйкес басқа оқу орындарындағы сыныпқа ауысуына құқықтары сақталады.

6.12. Педагог қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемелері мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін бекітілген нормативтерге сәйкес бекітіледі.

6.13. Мектептегі білім беру процесін ұйымдастыру сабақ кестесімен регламенттеледі. Мектеп асханасы 6 жұмыс күні және 1 демалыс күні тәртібімен жұмыс жасайды.

Сабақтардың тәртібі: 1-ауысым: 08.00сағаттан - 13.00 сағатқа дейін,

2-ауысым:13.30 сағаттан -18.30 сағатқа дейін.

Академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

Сабақ кестесінде білім алушылардың тамақтануы үзіліс уақыты қарастырылған. Оқу жоспарындағы арнайы жеке пәндерді оқытуға бөлінген сағаттар саны мемлекеттік оқу жоспарында бөлінген сағат санынан кем болмауы керек.

6.14. Оқудың түрі: күндізгі. Сыныптағы білім алушылар саны 10-нан 30-ға дейін. Ата –аналардың келісімімен білім алушылардың саны 10-нан төмен, 30-дан астам болса, сыныптар ашуға болады. Орыс, шетел тілдерін, дене шынықтыру, информатика және есептегіш техника кәсіптік пәндері бойынша сабақтарды жүргізу кезінде сыныптар екі топқа бөлінеді.

Мектеп директоры қажетті қаржы болған жағдайда, оқытудың сапалылығын арттыру мақсатында басқа да пәндерді оқыту кезінде сыныптарды топтарға бөлу туралы шешім қабылдай алады.

6.15. Оқу жылының басталуы мен аяқталуы және демалыс күндерінің ұзақтығын білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқару ұйымдары белгілейді.

6.16. Жылдық күнтізбелік кесте мектептің педагогикалық кеңесінің келісімі бойынша мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

6.17. Білім алушылардың үлгерімін бақылауды мектептің педагогикалық қызметкерлері 5 баллдық жүйемен жүзеге асырады. Бағалар сынып журналына және білім алушының күнделігіне қойылады. Аралық бақылау қорытындысының бағлары баллдық жүйемен тоқсанға қойылады. Оқу жылының соңында қорытынды жылдық бағалар қойылады.

6.18. Білім алушының өзі, ата –аналары (басқа да заңды өкілдері) жылдық бағамен келіспеген жағдайда мектеп директоры құрған комиссияға сол пән бойынша емтихан тапсырылуына мүмкіндік беріледі.

6.19. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, оқушыларды аралық және қорытынды аттестациялаудың тәртібін мектептің педагогикалық кеңесі әзірлейді және құрылтайшы бекітеді.

6.20. Оқуын аяқтамаған білім алушыларға тиісті үлгідегі анықтама беріледі.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзу тәртiбi

7.1.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу «Талдықорған қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің шешімімен жүзеге асады.

7.2.Мемлекеттік мекеменің құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тіркеледі.

Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.

 

8. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

8.1. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастырылуы (енуі, қосылуы, бөлінуі, айрықшалануы, өзгертілуі) төмендегідей жүргізіледі:

- мемлекеттік мекеменің (мектептің) жоғарғы органының шешімімен;

- заңнамада қарастырылған басқа да негізде;

Мемлекеттік мекеменің (мектептің) қайта ұйымдастырылуы кезінде құқығы мен міндеттері құқық қабылдаушыларға көшеді.

8.2. Мемлекеттік мекемені (мектепті) қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8.3. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырығаннан кейінгі мектеп мүлкі құрылтайшының меншігіне өткізіледі.

8.4. Мемлекеттік мекеме (мектеп) өз әрекетін заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінен заңнамада белгіленген тәртіпте шығарылған сәттен бастап тоқтатқан болып саналады.

8.5. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастыру және тарату жағдайында құрылтайшы өзіне оқушыларды ата-аналарының, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің келісімі бойынша басқа білім беру мекемелеріне ауыстыру жауапкершілігін алады.

 

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

9.1. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

 

«Талдықорған қаласының

білім бөлімі» ММ-ң

«Мектепке дейінгі шағын орталығы

бар № 9 орта мектеп»

КММ-ң директоры _______Ө.Байшалова
қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Общие положения

1.Государственное учреждение «Средняя школа №9 с дошкольным мини-центром» (далее - государственное учреждение) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения для осуществления функций является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме государственного учреждения для осуществления функций в сфере образования по специализированным общеобразовательным учебным программам основного среднего и общего среднего образования.

2.Вид государственного учреждения: коммунальное.

3.Государственное учреждение создано решением акима Алматинской области от 22.09.2003г. учреждение «Средняя школа №9» преобразовано в государственное учреждение «Средняя школа №9» (в дальнейшем - Школа), которое является его правопреемником.

4.Учредителем государственного учреждения является акимат города Талдыкорган.

5.Уполномоченным органом соответствующей отрасли, а также
органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права в
отношении имущества государственного учреждения является государственное учреждение «Отдел образования города Талдыкорган».

6.Наименование государственного учреждения: коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №9 с дошкольным мини-центром» государственного учреждения «Отдел образования города Талдыкорган».

7.Местонахождение государственного учреждения: Республика Казахстан, Алматинская область, индекс 040000, город Талдыкорган, «Каратал» микрорайон, дом 46. ИИК 002130120, городской отдел Казначейчтва, БИК 195301070, РНН 092200213202, БИН 030940003379.

2. Юридический статус государственного учреждения

8. Государственное учреждение считается созданным и приобретает права юридического лица с момента его государственной регистрации.

9. Государственное учреждение имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием государственного учреждения.
10. Государственное учреждение не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица.
11. Государственное учреждение отвечает по своим обязательствам, находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у государственного учреждения денег субсидиарную ответственность по его обязательствам несет Республика Казахстан или административно-территориальная единица средствами соответствующего бюджета.

12. Гражданско-правовые сделки государственных учреждений вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

13. Государственное учреждение вправе открывать филиалы вне места нахождения, с согласия его учредителя. Филиал учреждения действует на основании Положения, утвержденного учредителем, доверенности, выданной руководителем (директором) государственного учреждения.

14. Лицензирование образовательной деятельности школы осуществляется в соответствии с положением о порядке лицензирования образовательной деятельности, утвержденным Правительством Республики Казахстан.

 

3. Предмет и цели деятельности государственного учреждения

 

15. Предмет деятельности государственного учреждения Основным предметом деятельности школы является реализация общеобразовательных программ дошкольного воспитания и обученияначального образования, основного среднего образования и среднего образования.

16. Целью деятельности государственного учреждения является:

1.Формирование общей культуры обучающихся на основе усвоения обязательного минимум содержания общеобразовательных программ

2. Достижение обучающимися соответствующего образовательного уровня.

3. Адаптация обучающихся к жизни в обществе, воспитание у учащихся Казахстанского патриотизма, гражданственности, трудолюбия, уважения к правам и свободам человека, любви к окружающей природе, семье.

17. Для достижения цели государственное учреждение осуществляет следующие виды деятельности:

1) Дошкольное, начальное общее обучение и воспитание по целевому компоненту индивидульного плана /углубленное обучение казахскому и иностранным языкам, основам информатики и программирования/;
2) Оказание оздоровительных, художественно-музыкальных и других видов творческих услуг;

3) Профессиональная подготовка обучающихся;

4) Изучение специальных дисциплин сверх часов и программы по данной дисциплине, предусмотренное учебным планом;

5) Репетиторство с обучающимися другого общеобразовательного учреждения;

6) Создание оригинальных авторских учебных курсов и программ, предшкольная подготовка шести-семилетних детей в рамках общеобразовательной школы;

7) Налаживание контактов и делового сотрудничества с другими школьными заведениями, реализующими образовательные программы начального образования;

8) Производственно-хозяйственная деятельность.

Запрещаются осуществление государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям его деятельности, закрепленным в уставе (положении).

17. Сделка, совершенная государственным учреждением в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции руководителя, может быть признана недействительной по иску уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) или уполномоченного органа по государственному имуществу, либо прокурора.

18. Запрещаются осуществление государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям его деятельности, закрепленным в уставе.

19. Сделка, совершенная государственным учреждением в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции руководителя, может быть признана недействительной по иску государственного учреждения Отдела Образования города Талдыкорган, либо прокурора.

20. Действия руководителя государственного учреждения, направленные на осуществление государственным учреждением неуставной деятельности, являются нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.

 

4.Управление государственным учреждением

21. Общее управление государственным учреждением осуществляется государственным учреждением «Отдел образования города Талдыкорган».
22. Акимат города Талдыкорган в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет следующие функции:

1. закрепляет за государственным учреждением (школой)

Похожие публикации:

05 сентябрь 2017 Ата-аналарға
05 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
05 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес