Қамқоршылық кеңесінің отырысы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2018

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

                                                                      Хаттама №2

Қатысқандар:

Ата-аналар комитеті мен сынып жетекшілер
Қатыспағаны: 116
Өтілген күн: 19.10.2017ж

Күн тәртібінде:

I.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі          № 355 бұйрығы, Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары, қамқоршылық кеңесінің мақсаты, ережесімен таныстыру

 

II.Қамқоршылық кеңесінің құрамын  сайлау

    Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша :   Мектеп директоры  Л.Есботанова сөз алды

  

I. Мектептің қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылады және оның мақсаты мектепке жәрдем, оның қызметіне және дамуына көрсету мақсатында құрылатындығын атап айтты.  

«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 22.12.2016 ж. № 715 бұйрығымен таныстырды.   Білім  беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің мақсатын, жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын,әр тарауға тоқталып таныстырып өтті.

 

 II.Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау:

Екінші  мәселе бойынша : Директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Б.Сейтжанова 

Мектепте қамқоршылық кеңесін ұйымдастыру заман талабы. Ата-аналар арасынан мектептің қамқорлық кеңесін ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте қамқоршылық кеңесі қамқорлық акциялардын ұйымдастыру мен оқушыларды  түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуға көмек беру мен қаржылай қолдау көрсету болып табылатындығын атап өтті. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісінде сайланатын төраға оған басшылық етеді, ол қамқоршылық кеңесінің атынан әрекет етеді және оның қызметін қамтамасыз етеді. Хатшыны Қамқоршылық кеңесі сайлайды және ол іс қағаздарын жүргізуге жауапты екенін атап айтты.

Қамқоршылық кеңесінің құрамына төмендегі көрсетілген ата-аналар  бір ауыздан сайланды.

1.Ким Маржан Касымханқызы

2.Белгибаева Назира  Бекшарипқызы

3.Майлыбаева Салтанат Бакытқызы

4.Мухамадилова Мархаббат Өмирсерикқызы

5.Курақбаева Сабира Булақбайқызы

6.Мусатаева Зауре Адилханқызы

7.Батырбекова Динара Ұзаққызы

8.Тукеновна Булбул Сламбекқызы

9.Крутовская Наталья Валерьевна

Шешім:

         Мектепте қамқорлық кеңесі ұйымдастырылсын. Кеңестің төрелігіне Ким Х.М. және жоғарыда көрсетілген ата-аналар мүшелігіне мүшелері бекітілсін.

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы:                    Хан М.Қ

Хатшы:                                                                  Майлыбаева .С.Б