"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 31-00-81
Бухгалтерия
+7(7282) 31-00-81
Версия для
слабовидящих
06
август
2018

"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері

   «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ-де 13.07.2018 жылы мектеп жанындағы «Қаратал» жазғы сауықтыру лагерінде оқушылармен «Тапқырлар тартысы»тақырыбында мектеп кітапханасында сайыс сабақ өткізілді. Сайыс барысында оқушылардың зияткерлік танымдарын дамыту мақсатында жұмбақтар жасырылды, логикалық сұрақтар қойылды, мақал-мәтелдер жалғастырылды. Балалар аса қызығушылықпен ат салысып қатысты. Жалпы сайыс 3 кезеңнен өткізілді. І кезең – «Кім тапқыр?», ІІ кезең – «Кім жылдам?», ІІІ кезең – «Кім көп біледі?» деп аталды. І кезеңде балаларға қызықты жұмбақтар жасырылды. ІІ кезеңде логикалық сұрақтар қойылды. Бұл кезеңге балалар қызығушылықпен ат салысты. Себебі қойылған сұрақтар балаларды қызықтыра білді және жан-жақты ойлауға жетеледі. ІІІ кезеңде балалар айтылған мақал-мәтелдің жалғасын тауып айтты. Қатысушылардың жасына сай тапсырмалар берілгендіктен балалар аса шапшаңдықпен жылдам жауап беріп отырды. Әр кезеңде дұрыс жауап беріп отырған қатысушылар марапатталып отырды. Бұл балалардың белсенді қатысуына үлес қосты.


 

 

   В КГУ «с ДМЦ СШ №9» с 13.07. 2018 года в при школьном летнем оздоровительном лагере «Каратал» с учениками начальных классов в школьной библиотеке прошёл конкурс «Битва эрудитов». В ходе конкурса с целью активизации познавательных способностей учеников проводились этапы, как отгадывать загадки, ответить на логические вопросы и закончить пословицы. Ученики с интересом участвовали в игре. Конкурс проводился в 3 этапа: 1 этап назывался «Кто умнее?», 2 этап – «Кто быстрее?», 3 этап – «Кто много знает?».

В 1 этапе ученики отгадывали загадки. Во втором этапе ответили на логические вопросы. Ученики были так активны, потому что им было интересно отвечать на логические вопросы. А в 3 этапе ученики продолжили начатые пословицы. Этим они показали, насколько хорошо знают фольклор. Во всех заданиях конкурса учитывались возрастные особенности учеников. По результатам конкурса победителям вручили почётные грамоты.

"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері

 

"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері

 

"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері

 

"Қаратал" жазғы сауықтыру лагері