«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсмо дайындыты өткізу және өрт қауіпсіздігін сақтау туралы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 31-00-81
Бухгалтерия
+7(7282) 31-00-81
Версия для
слабовидящих
» » «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсмо дайындыты өткізу және өрт қауіпсіздігін сақтау туралы
12
ноябрь
2021

«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсмо дайындыты өткізу және өрт қауіпсіздігін сақтау туралы

12.11.2021 жыл
Қатысқандар:
  1. Мектеп директоры – Л.А.Сембаева
  2. Мектеп ұжымы, 7-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері;
  3. Мектеп инспекторы – З.С.Булдыбаева
  4. Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицері майор - Манасов Бауыржан Кендебайевич;
  5. Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері аға лейтенант - Нұрқасен Ерболат Асанұлы;
  6. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі – А.Т.Аязбаев
  7. Мектеп фельдшері – Н.Е.Мыктыбекова 
  8. 8-11 сынып жетекшілері
Саны: 420
Барысы:
2021 жылы 12 қараша күні «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ -де       Талдықорған ҚБП ШҚПҚ ЖПҚБ ЮПТ-ң полиция капитаны, мектеп инспекторы Булдыбаева Залха Серікқызы  қатысуымен  «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Төтенше жағдай кезіндегі сейсмо дайындықты өткізу»  және «Өрт қауіпсіздігін сақтау туралы» мектеп ауласында шарасы өткізілді. Алдымен мектепте сағат 11.15-те арнайы берілген қоңыраудан кейін мектеп инспекторы З.Булдыбаева барлық оқушылар мен ұстаздар, кіші қызметкерлердің сыртқа шығуын қадағалады.
Шараның мақсаты: жасөспірімдерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға баулу. Төтенше жағдай барысында жүргізілетін қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болып табылады.
АӘД пәні мұғалімі А.Аязбаев  оқушыларға: «Жер сілкінісі» кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтетіндігін түсіндірді.Осындай жағдайда не істеу керектігін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйрету үшін 10 сынып оқушылары және мектеп фельдшері Н.Е.Мыктыбекова «Алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін» көрсетті.
Сонымен қатар, оқушыларға келесідей қажетті ақпараттар айталды:  Ең қажетті заттарды ,құжаттарды,ақша мен қолшамды қол астында ұстаңыз.Бірнеше тәулікке жететін ішуге арналған су мен консерваларды сақтаңыз.Қауіпті, улы,химиялық заттарды бөлек,шеттетілген жерде ұстаңыз.
Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицері майор - Манасов Бауыржан Кендебайевич және аға офицері аға лейтенант - Нұрқасен Ерболат Асанұлы оқушылар назарына «Өрт және қысқы мезгілде жылыту маусымының қауіпсіздігн сақтау» мәселесін ұсынды. Атап айтатын болсақ, тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері – бұл ең алдымен ашық отпен ойнау, жататын орында темекі шегу, электр қондырғыларының ақауы, жылыту пештерін қолданғанда тұрғындардың өрт қауіпсіздік талаптарын орындамау салдарынан орын алады. Тұрмыстағы өрттердің алдын-алу үшін қарапайым ережелерді сақтаудың маңызы зор екенін айтып өтті.
 Аталмыш іс-шара жүйелі жүргізілді. Қатысушылардың барлығы белсене қатысып, берілген ақпараттарды мұқият тыңдады. Санитарлық талапқа сәйкес маскалық режим сақталды. Ұстаздар және мектеп әкімшілігі тарапынан ескертулер орын алған жоқ.