16
ноябрь
2021
Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөзім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ тақырыпта эссе және өлең байқауын өткізді. Байқауға мектебімізден 10 оқушымыз қатысып, белсенділік танытты. Атап айтар болсақ, облысымыздың әрбір өңірінен қатысқан 700-ге жуық оқушылардың жұмыстарының ішінен МДШО бар №9 орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы Сайын Сабинаның «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөзім» атты жазған өлең жолдары жоғары бағаланды. Нәтижесінде байқаудың «Лучший лауреаты» атанды және бағалы сыйлыққа ие болды.