Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары. » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 31-00-81
Бухгалтерия
+7(7282) 31-00-81
Версия для
слабовидящих
» » Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
28
июнь
2022

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
 Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
 1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
 Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
 Қандай құжаттар қажет?
 • Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
 • Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
 • Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
 • Егу паспорты (065/у нысаны)
 • Баланың суреті (3*4 өлшемді)
 Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне хабарласуыңызға болады.
 
Контакты телефоны: 8(7282) 31-00-81.
 Мектеп электрондық адресі: taldschool9@mail.ru.

Похожие публикации:

28 декабрь 2021 Құрметті ұстаздар!