"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ"
«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Мектебімізде 2018 жылдың12-23 ақпан аралығында«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» акцисы өтті.
Іс - шараның мақсаты:
Оқушыларды
өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайларға – нашақорлықпен айналысып, өзін - өзі
айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге шақырамын. Нашақорлықтың СПИД
– ауруын жұқтырудың бірден – бір жолы екенін, СПИД ауруының кеселді жақтарын,
соңы өлуге дейін апартын кесел екенін жан – жақтың ойын дамыта отырып, ондай
кеселдерден, дерттен аулақ болуға оның орнына, салауатты өмір салтын құруға,
шығармашылыққа баулу.
Акция негізінде 15-16 ақпан аралығында 5-6 сыныптар арасында қабырға газетібайқауы өтті. Жауапты бейнелеу және көркем еңбек пәні мұғалімдері А.Искакова және С.Болатбаев. Байқау нәтижесі бойынша 5 «Ә», 6 «А», 6 «Б» сынып оқушыларының жұмысына өте тамаша баға беріліп, жүлделі орындармен марапатталды.
22 ақпан күні 7-8 сыныптар арасында «Нашақорлардың өмірі» тақырыбында сахналық қойылым байқауы өтті. Байқауға оқушылар өте жақсы дайындалған тақырыпқа сай киімдері, көрнекілігі, әртістік шеберлігі өте жоғары деңгейде, әсіресе 7 «А» сынып оқушыларының қойылымы өте тамаша болды. Сыныптар жүлделі орындармен марапатталды.
23 ақпан күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында бейнеролик байқауы өткізілді. Байқауға оқушылар тыңғылықты дайындалған, әсіресе 9 «А» сыныбын айтуға болады. 9 «А» сыныбы қала әкімінің орынбасары Көлбаев Мәрлен Қапасұлынан сауалнама алып барлығымызды таң қалдырды. Байқау барысында оқушылардың жиған-тергені, білгені көп деп ойлаймын. Барлық қатысқан оқушылар тамаша өнерлерін көрсетіп жүлделі орындармен марапатталды.