«Жүзден жүйрік» спорттық жарысы » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2022

«Жүзден жүйрік» спорттық жарысы

2022- «Балалар жылы» және Қазақстан Республикамыздың Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ- де, «Жүзден жүйрік» атты тақырыпта мектеп ұйымдары арасында волейбол спорттық жарысы және жазғы легердегі бастауыш сынып оқушылары арасында спортық эстафеталық ойыны өтті.

Осы жарысымыздың салттанатты ашылуына мектептен тыс жетістіктері бар дарынды спортшылары мен әр түрлі мәдени бағыттағы оқушыларымыз үлестері қосты.

Жарысқа қатысқан ұйымдар: «Өзін- өзі басқару», «Адал Ұрпақ», «Жас полиция», «Шынар-ай» ұйым мүшелері, жазғы лагердегі бастауыш сынып оқушылары.


Жалпы осы іс- шарамызда 7-10, 4  сыныптар қамтылды. Жалпы қатысқан оқушылар саны 90.

Жарыстың мақсаты: Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. «Денсаулық – ең басты құндылық», «Салауатты өмір салты», «Тазалық – денсаулық кепілі» құрметті оқырман.
 Сонымен бірге, оқушыларымыздың әлеуметтік өмірін жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықтарын сақтау және нығайту, зиянды нәрселерден аулақ болуына үгіт насихат жүргізу.

Оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығы өте жоғары.
 Салауатты өмір салтын арттыруда жоғарғы сынып оқушыларымыз артынан қалыспай келе жатқан жас бүлдіршіндерге спортты баулудың маңызы зор екендігін жеткізгісі келеді!

Қорытындылай келе 2022- «Балалар жылы» және Қазақстан Республикамыздың Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өткен спорттық жарысымыздың қатысушыларымыз мектепшілік мадақтамалармен марапатталды.

Жарысыты үйымдастырушылар және жауапты: ДТЖО Ж.Сандыбаева, ПҰ С.Блеутаев, денешынықтыру бірлестігі және Мектеп Президенті А. Оралбек, «Өзін- өзі басқару» ұйым мүшелері.