Сыныбымыздың жазғы демалысы! » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июль
2022

Сыныбымыздың жазғы демалысы!

Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы - тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім - тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан - дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Биыл 2022 – «Балалар жылы» ерекше жыл екені рас. Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
Жоғарыда айтылғандай біздің Сайын Мұратбек атындағы «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ- нің 3 «Г» сынып жетекшісі Асылбаева Айым Барланқызы өзінің сыныбымен жаз мезгілінде де өз оқушылармен уақытты тиімді пайдалануда.
#9mekteptdk #bilim_jane_gylym #aimagambetov #zhetysu_bilim #rozaserikovna2020 #goronotald_ #goroo_tdk