Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата- ананың бала өміріне жауапкершілігі » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата- ананың бала өміріне жауапкершілігі
11
октябрь
2022

Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата- ананың бала өміріне жауапкершілігі

Жетісу облысының білім басқармасының тапсырмасына сай «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ-нің 11 қазана 2022 жылы мектеп әкімшілігінің орынбасарларының ұйымдастырумен балалар қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидтік жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында мектебімізде «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Шара барысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі туралы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оқыс оқиғалар мен суицидтік әрекеттердің алдын алу туралы кеңінен талқыланып, психологиялық және құқықтық кеңестер берілді. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні ретінде әр ата-ананың бала өміріндегі жауапкершілігі мен міндеттері аса маңызды екенін естен шығармаумыз керек деп жиналыстың қорытындысы шығарылды.