«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу» » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу»
15
март
2022

«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу»


«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» КММ

«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу» атты ұлдар жиналысының хаттамасы

Тақырыбы: «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу»

Мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық білімдерін арттыра отырып, электронды темекі шегу, насыбай, бопсалау, ұрлық жасау т.б. қылмыс түрлерінің зардабы туралы ақпарат беріп, алдын алу ережелерін ұсыну.

Өткізілген күні: 15.03.2022 жыл   Сағат: 11.30

Қатысқандар: 

  • Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Сандыбаева
  • Педагог- ұйымдастырушы С.Блеутаев;
  • Мектеп инспекторы: З.Булдыбаева;
  • 7-11 сынып ұлдары;

Қатысушы қонақтар:

  • Талдықорған қаласы полиция басқармасының подполковнигі Абилхамитов Марат Несипбекович;
  • Талдықорған қаласы Жастар ресурстық орталығы жетекшісі Сайлаубай Наурыз Саятұлы.

Барысы:

            Мектеп инспекторы Булдыбаева Залха Сериковна ұлдар жиналысына келген қонақтарды таныстырып, бүгінгі іс-шараның мақсатымен таныстырды және сөз кезегін келген қонақтарға берді.

Талдықорған қаласы полиция басқармасының подполковнигі Абилхамитов Марат Несипбекович қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдері арасындағы белең алған қылмыстың түрлеріне тоқталып өтті. Соның ішінде әсіресе ұрлық жасау, бопсалау фактісінің көп екенін айта кетті. Сонымен қатар жасөспірімдер   арасындағы электронды темекі шегу, насыбай, алкогольді ішімдік қолданудың салдары және оның нәтижеінде қолданылатын тиісті жазалардың түрлерін жіктеді.

Талдықорған қаласы Жастар ресурстық орталығы жетекшісі Сайлаубай Наурыз Саятұлы «Қоғамдағы ер баланың тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды. Қазіргі таңда ұл балалардың тәрбиесі, мінезіндегі өзгерістері және бос уақыттарын тиімді пайдалану маңыздылығы туралы тоқталды. Әлеуметтік желілердің адамның психологиясына әсері, одан қандай қорытынды жасауға болатындығын айтып өтті.

Мектеп инспекторы З.Булдыбаева жасөспірімдер арасында жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау , қылмыстың алдын алу үшін құзырлы орган қызметкелерімен «Түнгі қала» атты рейд шараларын жүргізілетіндігін айтты. Бей мезгілде ата-ана бақылауынсыз көшеде жүрмеу қажеттілігі жайлы ақпарат берді. Алдағы көктемдік демалыс уақытында құқықбұзушылыққа жол бермеу қажеттілігін назарда ұстау керектігін айтты.


Шешім:

  1. Мектеп ұлдары арасында құқықтық тәрбие туралы түсінік қалыптастыру жұмыстарын арттыру;
  2. Сынып жетекшілер және ата-аналар, оқушылармен бірлесе арнайы мамандармен кездесу, дөңгелек үстел т.б. жұмыстарды жүйелі өткізуді назарға алу.
  3. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды назарға алу.