«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынас» алдын алу » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынас» алдын алу
14
март
2022

«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынас» алдын алу


«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» КММ

«Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынас» атты семинар-тренинг хаттамасы

Тақырыбы: «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынас»

Мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспірімдерге, оның ішінде қыздар қауымына психология арқылы өзін-өзі тануына , қоғамда қолданылатын қолайсыз жайттардан қалай шығуға  болатынын түсіндіріп жеткізу.

Өткізілген күні: 14.03.2022 жыл

Қатысқандар: 

  • Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Сандыбаева
  • Мектеп психологтары: А.Оралова, Д.Махметова;
  • Мектеп инспекторы: З.Булдыбаева;
  • 8-11 сынып қыздары,

Қатысушы қонақтар:

«Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Талдықорған қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға» арналған «Жанұя»   әлеуметтік орталығы мамандары:

-Психолог Сейталы Аружан Кенжебекқызы;

- Әлеуметтік мамандар: Скобляшова Ольга Викторовна, Бельгибаева Мадина;

- Облыстық қоғамдық бірлестік «Қос Қанат Жетісу»  орталығының әлеуметтік сұрақтар бойынша маманы Сырлыбаева Анел Хамиткызы , психолог Пискунова Елена Николаевна;

Барысы:

            Мектеп инспекторы Булдыбаева Залха Сериковна семинар–тренингке келген қонақтарды таныстырып, бүгінгі іс-шараның мақсатымен таныстырды және сөз кезегін келген қонақтарға берді.

 «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Талдықорған қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға» арналған «Жанұя»   әлеуметтік орталығы психологы Сейталы Аружан Кенжебекқызы 8-11 сынып қыздарымен қызықты әрі танымды психологиялық ойын-жаттығуларын жүргізіп, жағымды психологиялық климат орнатты.

Кейін орталықтың әлеуметтік мамандары Скобляшова Ольга Викторовна, Бельгибаева Мадина қоғамда орын алатын қолайсыз жайттардан қалай шығуға  болатынын түсіндіріп, бірнеше ережермен таныстырды. «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жыныстық қарым-қатынасты» болдырмау жолдарын айшықтап көрсетті. 

Облыстық қоғамдық бірлестік «Қос Қанат Жетісу»  орталығының әлеуметтік сұрақтар бойынша маманы Сырлыбаева Анел Хамиткызы, психолог Пискунова Елена Николаевна қыздар назарына презентация көрсетіп, сауалнама жүргізді.


Шешім:

  1. Мектеп қыздары арасында жыныстық тәрбие туралы түсінік қалыптастыру жұмыстарын арттыру;
  2. Сынып жетекшілер және ата-аналар, оқушылармен бірлесе арнайы мамандармен кездесу, дөңгелек үстел т.б. жұмыстарды жүйелі өткізуді назарға алу.