ЖҰМЫС/РАБОТА » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

ЖҰМЫС/РАБОТА

Талдықорған қаласындағы  «Сайын Мұратбеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос лауазымға (сағат)  маманды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:

І. Математика пәнінің мұғалімі бос лауазымға оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға – 1 маман. 

ҚР БҒМ 13.06. 2009 жылғы 13 шілдедегі  №338  бұйрығында  қойылатын біліктілік талаптары мен  ҚР Оқу ағарту министрінің 27.08.2022 ж. №382 бұйрыққа сәйкес функционалдық міндеттері белгіленеді, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары заңнамада белгіленген тәртіптерге сәйкес жүргізіледі.

ІІ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

     1) ҚР БҒМ 19.11.2021ж. №568 бұйрықтағы  10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

     10) ҚР БҒМ 19.11.2021ж. №568 бұйрықтағы  11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни  02-12 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Мекен жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,  «Қаратал» ш/а, 46 үй.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 310081

Эл.почта: taldschool9@mail.ru

Похожие публикации:

01 декабрь 2022 ЖҰМЫС/РАБОТА
04 октябрь 2022 ВАКАНСИЯ
26 август 2022 Бос жұмыс орыны
15 август 2022 Бос жұмыс орыны