Жасөспірім неге қылмысқа барады? » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2023

Жасөспірім неге қылмысқа барады?

Ағымда “МДШО бар С.Мұратбеков атындағы 9 орта мектеп” КММ-де Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу шараларының жоспарының негізінде 11 "Ә" сынып жетекшісі А.Қожахметова мен 11 "А" сынып жетекшісі М.Алыбаева 10-11 сыныптың ұлдарымен «Жасөспірім неге қылмысқа барады?» тақырыбында ұлдар жиналысын өткізді. Мақсаты құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылармен «Қар қиыршықтары» жаттығуын жасап психологиялық ахуал қалыптастырды.Оқушылар жаттығуға қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін қолдады. Жиналыста оқушыларға «Әлімжеттік деген не?» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, онда көтерілген мәселеге қатысты оқушылардың пікірі тыңдалды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне сұрақтар қойып ойталқы жасалды. 11 сыныптың жетекшісі А.Қожахметова ойталқыны қорытындылап оқушыларды топқа бөліп «Постер қорғау» тапсырмасын орындатты.Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына не себеп? Кім кінәлі? деген тақырыптар негізінде бірінші топқа- «Отбасылық жағдай». Екінші топқа- «Жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы». Үшінші топқа «Тұрмыстық жағдай» тақырыптары ұсынылды. Топ мүшелері постер жасап әрқайсысы ойларын айтып пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар оқушыларға төрткүл дүниені алаңдатып отырған тақырып «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбы да мысалдар арқылы деректермен жеткізілді.Оқушылар суицидтің шығу себептерін атап,оның алдын алу шараларын талдап көрсетті.