«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» дөңгелек үстел » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» дөңгелек үстел
20
октябрь
2022

«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» дөңгелек үстел

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылыған арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.

Барысы: Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Б. Момышұлының "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" деген мына қанатты сөздермен бастасақ деймін. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында "Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамныңөмірі, құқықтары мен бостандықтары" деген қастерлі сөздерді кіргізген.

Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмрдің нәрі. Заңның мықтылығы -атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Н.Ә.Назарбаевтың: "Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз" деген сөзімен аяқтаймыз.