ҚАЗЫБЕК БИ 355 ЖЫЛЫНА ОРАЙ «АТА-БАБА ДӘСТҮРІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ» » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗЫБЕК БИ 355 ЖЫЛЫНА ОРАЙ «АТА-БАБА ДӘСТҮРІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ»
14
апрель
2023

ҚАЗЫБЕК БИ 355 ЖЫЛЫНА ОРАЙ «АТА-БАБА ДӘСТҮРІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ»

Бүгін «МДШО бар Саййын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- де Қазыбек бидің 355 жылына орай «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты тақырыпта іс- шарасы өткізілді. Жалпы бүгінгі іс- шарамыздың басты мақсаты: Оқушыларымызға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. «Қарты бар ел – қазыналы» деген қанатты сөзден бастай отырып қаймағы бұзылмаған қазақы ғұрып тұрғысынан қарар болсақ, ұлтымыздың ұлттық өнегесі, қазіргі қоғамдағы рөлі өлшеусіз. «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»– ұлтымыздың ұрпақ тәрбиешісі ғана емес, қоғамымыздағы барлық берекелі істің бастауы, жақсылықтың ұйытқысы болып табылады.
Бүгінгі іс- шарамызда 200 жуық оқушыларымыз, 30 жуық ұстаздарымыздың дайындауымен атам- қазақ Қазыбек биіміздің өмір баянын 3 кезеңнен көрсетті. 1. Кезең- Қазыбек биіміздің балалаық шағы, 2 кезең- Қазыбек биіміздің жастық шағы, 3 кезең- биіміздің кәрілік шағын оқушыларымыз театырлық қойылыммен өз өнерлерін келген қонақтарымыздың алдында көрсетті. Театырлық қойлымды үйлестіріп көрсету үшін білім ордамыздың алдыңғы алаңына қазақ халқымыздың киіз үйіміз құрылып, алтыбақан оратылып және де ұлттық қолөнер көрмесі үйлестіріліп, ұлттық ойындарымызды паш етті.Келген қонақтарымыз керемет әсер алып, білім ордамыздың арнайы жасыл дағды алаңына өз еңбектерін салып кереметтей ағаш отырғызу үрдісіне үлестерін қосты. Ағаштарымызды отырғызу барысында тілеген тілектері осы біздің мектебізге жақсы сөздермен ойларымен бөлісті.
Бүгінгі іс-шарамызға келген құрметті қонақтарымызы:Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Керімбеков Ақшабаай Дүйсебеков.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің әдістеме бөлімінің меігерушісі: Каримова Гүлнар Ақойқызы.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің әжелер төрайымы: Шаңғожанова Нұртай Уалиқызы.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Исмайлов Құрмаш Исмайылұлы.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің білім орталығының орынбасары: Сағатбекова Наизпа Қапанқызы.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі: Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы.
Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, бүкіләлемдік Шыңғысхан және ҚР журналистика академиясының академигі, Жетісу облысының құрметті азаматы: Әрін Әміре Әрінұлы.
Мектепшілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Серікбаева Жания Каиргазиновна.
Мектепшілік ата-аналар комитетінің төрағасы: Ким Маржан Қасымханқызы.
Қорытындылай келсек қазақ халқы – қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Мерекеміздің басты қағадасы жасөспірімдердің яғни ұлттымыздың тәрбиесі – қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелердің, демек, ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрін білмейтін жасөспірімдерге дәріптеу. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.