ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ? » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2023

ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?

14 сәуірде «МДШО бар С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ-де  мектеп ұлдар жиналысы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті, осы дөңгелек үстелде «Құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықтың алдын алу», аттытақырыбы көтерілді. Дөнгелек үстел кездесуіміздің өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру, сол сияқты мектеп оқушыларына құқықтық білім беру болып табылады.

Шараға мектебіміздің инспекторы, тәрбие орынбасарлары және сынып жетекшілері, мектеп пчихологы қатысты. 

Дөңгелек үстелімізде оқушыларымызға құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушының бос уақытын тиімді пайдалануы туралы ақпараттармен әртүрлі бейне роликтер көрсетілді. 

Дөнгелек ұстеліміздің барысында талантты педагог В.А.Сухомлинский «Қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі – мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыскеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу» – туралы қанатты мысалдар айтылды.

Оқушыларымызға болашақа ел тізгінін ұстар саналы азамат болып өсулері үшін оларға сапалы білім мен саналы тәрбие алу туралы түсінік айтылды. 

Қорытындылай келе қазіргі қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі – жастарымыздың санасыздығы екені.

Орындаған: ПҰ-С.Блеутаев