СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ
02
май
2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мекемемізде ұстаздар арасында "Қоғамға қауіпті кесел-сыбайлас жемқорлық" атты құқықтық оқыту жиналысын ұйымдастырылды. Жиында қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысы жоқ екеніңе дәлелденген. Оның ішінде, аталған сыбайлас жемқорлық, Қазақ Елінде де, әлеуметтік құбылыс ретінде, өкінішке орай, өз өмірін жалғастырып келуде. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіні туралы да нақты айтылды.Жемқорлық-демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ- нің ұжымы  үнемі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның кең таралуына жол бермеуде!