Дефектолог бос лауазымына шақырымыз/Приглашаем на работу на должность дефектолога » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дефектолог бос лауазымына шақырымыз/Приглашаем на работу на должность дефектолога
14
август
2023

Дефектолог бос лауазымына шақырымыз/Приглашаем на работу на должность дефектолога

Талдықорған қаласындағы «Сайын Мұратбеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос лауазымға  маманды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:


І. Дефектолог бос лауазымына  аралас мектепке  – 1 маман.

ҚР БҒМ 13.06. 2009 жылғы 13 шілдедегі   №338  бұйрығында  қойылатын біліктілік талаптары мен  ҚР Оқу ағарту министрінің 27.08.2022ж. №382 бұйрыққа сәйкес функционалдық міндеттері белгіленеді, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары заңнамада белгіленген тәртіптерге сәйкес жүргізіледі.

ІІ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығындағы 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

   Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни  14 тамыз -21 тамыз 2023 жыл аралығында жүргізіледі.

Мекен жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,   «Қаратал» ш/а, 46 үй.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 419231

Эл.почта: taldschool9@mail.ru