Спорт денсаулық кепілі » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2023

Спорт денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған.Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасы жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан жас-болашақ ел азаматтарын елестетеді.
Ағымда біздің білім ордамыздың Дне шынықтыру бірлестігі "Дене шынықтыру пәнінің апатлығы" аясында "Спорт денсаулық кепілі" атты тақырыпта  8-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарысы өткізілді.
Жарыс қорытындысы:
1. орын 9в сыныбы
2. орын 9ә сыныбы 
3. орын 10в сыныбы  иеленді.
Үздік шабуылдаушы: Сайын Сабыржан 9в
Үздік үйлестіруші: Хайролла Тамилла 9в
Үздік ойыншы: Шаймұрат Қажымұрат 10в
Үздік ойыншы: Тынышбай Дәулет 9ә