Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу
09
февраль
2023

Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу

«МДШО бар сайын мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- нің «Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» атты тақырыпта мектепшілік ата-аналар комитетінің жинасылы

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Күн тәртібінде:

  1. Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар.
  2. Жат қылықтардың алдын алу

3. Балалар қауіпсіздігінің алдын алу.

4. Ата- ананың бала өміріне жауапкершілігі.

4.Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылықтын алдын алу.

5. Әр түрлі мәселелер.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Блеутаев Сакен Қадырбекұлы ата-аналарға бүгінгі жиналысытң «Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» атты тақырыппен және жиналысытың мақсатымен таныстырды және де келген ата-аналар жиналыстың бас қонақтарымен танстырды.

Шақыртылған қонақтарымыз:

  1. Абуев Марат Тұрғанұлы, Жетісу облысының облыстық пракуратура басқармасының қызметкері, «МДШО бар С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ- нің «Әкелер кеңесінің» төрағасы.
  2. Ким Маржан Қасымхановна, мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы.
  3. Сембаева Ляйляя Айтжанқызы, мектеп директоры.
  4. Талдықорған қалалық басқармасының ювиналдық полция тобының учаскілік инспекторлары полция капитандары Даулетбаев Айдар Калкаманнович және Закирбаев Алмаз Маратович.
  5. Серикбаева Жания Каиргазиновнамектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы.
  6. Нугманова Галия Саматовна, аналар кеңесінің мүшесі.
  7. Майра Сапаргалиевнамектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
  8. Талдықорған қалалық басқармасының ювиналдық полция тобының учаскілік инспекторлары полция капитандары Даулетбаев Айдар Калкаманнович және Закирбаев Алмаз Маратович:

Талдыкорган  КПБ ЮПТ УИ А.К. полция капитандары ДаулетбаевА.М. Закирбаев:

Бүгінгі ата- аналар жиналысынң алғы сөзін Талдықорған қалалық басқармасының ювиналдық полция тобының учаскілік инспекторлары ата-аналарымызға жасөспірімдердің құқығын қорғау, ата-аналарға құқықтық, заңдылық тұрғысында түсіндіру жұмыстарын баяндады. Кездесуде тәртіп сақшылары «Қауіпсіз интернет», «Темекі бұйымдары», «Алкогольдік  өнімдер», сондай-ақ 21-ғасыр дерті аталатын «Нашақорлық» тақырыбында тың ойларын ортаға салып.

Ата- аналарға жасөспірімдердің ішімдік пен шылым өнімдерінің зиянды тұстары түсіндіріліп,  интернеттен келетін қауіптің түрі де айтылды. Ішкі істер органдарының мамандары  ата-аналарымызға үйдгі балаларының біздің мектп оқушыларын адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін зиянды  нәрселерден аулақ болуға шақырды.  Ал, білім ордасының тәлімгерлеріні ата-аналары өз кезегінде көкейінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды және де тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімдерің әр түрлі заң бұзушылықтарының статистиксын атап кетті. Осы қоса әртұрлі факторлар бойынша мысалдар келтірді.

Мектепшілік қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ж.К. Серикбаева:

Ал, мектепшілік қамқоршылар кеңесінің төрайымы Серикбаева Жания Каиргазиновнамектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы ата- аналарға оқушылардың тәртібі мен ата- аналардың өз балаларына көп уақытын және ұл- қыздарының ойын тыңдауға және қолдауға шақырды.

Мектебіміздің ата- аналар төраймы М.Қ. Ким:

Мектебіміздің ата- аналар төраймы Ким Маржан Қасымхановна ата- аналарды мектебіміздің ұстаздарына барлық жағынан қолдауға шақырды. Мектеп ұстаздарының біздің оқушыларымызға адал еңбек сіңіріп және сапалы білім беріп жатқанын атап кетті.

«Баланың басты ұстазы ата –ана»! жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы екендігін айттып кетті.

Мектеп ата-аналарымыз балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алу мен өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысуымызды қажет екендігін жеткізді.

Бала тәрбиесі отбасынан басталатындығын, мектепке келгеннен кейін мектептің ішкі ережесін сақтауын балаларына ата-аналар тарапынан әр шаңырақта сөз қозғауын қажет екендігін жеткізді. Қазіргі таңда бала тәрбиесіне керекті ақпараттарды радио, теледидар, ұялы телефон, газет журналдар-бар екендігін атап кетті.

Мектептен тыс уақытта балаларға үнемі ата - ана жауапты болатындығын, баланың сабаққа саналы қарап озат болуына ата-ана тарапынан қадағалануын,  мұғалім мен ата - аналар бірігіп балаларымызды тәрбиелеуге шақырды.

Мектепшілік қамқоршылар кеңесінің мүшесі: Майра Сапаргалиевна:

Мектебіміздің ағымдағы 2022-2023 оқу жылында Сайын Мұратбеков есімі берілгені біздің маұтанышымыз, осы тұста Сайын ағамызды туға әпкесі Майра Сапаргалиевна ата-аналар жиналысына арнайы шақыртылып, Майра апайымыз өз сөзінде «Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» Әл Фараби бабамыздың сөзін мысалға келтіріп, осыған орай бүкіл ата - аналарды тәрбиеге бет бұруы керектігін айтты. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеу қажеттігін айтты. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже беретінін ақиқат екендігін айтып кетті.

Мектеп директоры Л.А.Сембаева:

Жиналысымыздың соңында мектеп директоры Сембаева Ляйля Айтжанқызы өзінің сөзінде мектеп ұстаздарының сапалы білім және қызмет атқаратындығын және оқушыларымызға барлық жағдайлар жасалынып жатқанын, болшақта мектепте жағымды жаңалықтарымен заманауи өзгерістер енетінін атап кетіп, мектебіміздегі оқушыларымыздың ата- аналарын мектеп ұжымын қолдауға шақырып, бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс екендігін жеткізді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ел басымын десең, бесігіңді түзе» ұлағатты сөзімен, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатынын баршаға аян екендігін қоса айтып кетті. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. 

Мекеме басшысы бала тәрбиесін ата-ананың жауапкершілігі екендігі сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баланын білім ордасына мектеп формамен жіберуге, сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін айтты. 

Сонымен қатар, оқушылармыздың білімін «ұялы телефонсыз!» алу керектігін, оқушылардың мектепке әкелген жеке заттарына мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескертіп кетті.

Кешкі уақытта кәмелет жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығын, көңіл көтеретін орындарға бармауын, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын алу, нашақорлық, шылым шекпеуін қадағалауын, оқушыларымыздың салауатты өмір салтын ұстануын керектігін ата-аналарға баяндап айтып кетті.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Блеутаев Сакен Қадырбекұлы және Нукербаева Асель Қамбарқызы:

Мектебіміздің жоспарға сәкес жұмыстарын атқарылып жатқанын және де алда болатын әр түрллі іс шараларды атап таныстырып кетті.

Қорытынды сөзді мектеп ата-анасы Адильбеков Қуанышпай:

Мектеп оқушылары біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленедіретінін «Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп» 

«Баланың бас ұстазы ата ана!», «Балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуге әрбір ата - ананың жауапкершілігі» екендігін ұмытпайық деп, сөзін аяқтады.

Орындаған: ДТІЖО С.Блеутаев